19 Август 2017

"ТАРАЗ - U21" ӨЗ АЛАҢЫНДА АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

 Тараздың қосалқы құрамы (дубль) Көкше жерінен келген "Оқжетпес - U21" командасын қабылдап, өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті. Матчта тіркелген есеп 3:0. Алаң қожайындарының пайдасына. Орталық стадионда өткен ойында Пак шəкірттері өздерін жақсы қырынан таныта білді. Бірінші тайм тең аяқталғанымен, екінші таймда ойын қызи түсті. Алдымен, 63 минутта Тараздық Арман Сеңгірбай есеп ашса, екінші голды 83 минутта Диас Сабыров соқты. Ал, ойынның қосымша уақытында Қайнар Алмабек үшінші голды салып, қонақтарды қапы қалдырды.

Читать далее