ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНДА ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЕҢ КӨП ГОЛ СОҚҚАН СҰРМЕРГЕНДЕР ТІЗІМІ

 ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫНДА ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ЕҢ КӨП ГОЛ СОҚҚАН СҰРМЕРГЕНДЕР ТІЗІМІ

7 - ГОЛ. Роман Муртазаев (Ертіс)
6 - ГОЛ. Жерар Гоу (Қайрат)
5 - ГОЛ. Савич (Жетісу) Самат Смақов (Ақтөбе)
4 - ГОЛ. Малик Мане (Тараз) Джордже Деспотович, Таңат Нөсербаев (Астана) Гогуа (Ертіс), Азат Нұрғалиев, Филипп Касалица (Ордабасы)
3 - ГОЛ. Юнузович (Ордабасы), Игорь Зенькович (Тараз), Әлібек Бөлешов, Марат Хайруллин, Молдакарев, Серджо Нганбе (Оқжетпес), Симоновский (Жетісу), Нұрбол Жұмасқалиев (Тобыл), Андрей Аршавин (Қайрат), Дидар Жалмұқан (Ақтөбе)

ЖУЫРДА «ОҚЖЕТПЕС» ЖӘНЕ «ТАРАЗ» ФК ОЙЫНЫ

ЖУЫРДА «ОҚЖЕТПЕС» ЖӘНЕ «ТАРАЗ» ФК ОЙЫНЫ

29 – МАМЫР. 2016 ЖЫЛ. ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР – ЛИГАСЫНЫҢ 13-ТУР ОЙЫНДАРЫ. ӨТЕТІН ОРНЫ: КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ.
МАТЧТЫҢ БАС ҚАЗЫСЫ: Акмалхан ХОЛМАТОВ (ҚЫЗЫЛОРДА)
ҚАПТАЛДАҒЫ АРБИТРЛЕР: Андрей ПОПОВ (ПАВЛОДАР), Самат ШӘРІПОВ (АТЫРАУ)
ОЙЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: Болатбек ЖУАСБАЕВ (АСТАНА)

ЖАЗҒЫ ТРАНСФЕРЛІК ТЕРЕЗЕ АШЫЛАДЫ

ЖАЗҒЫ ТРАНСФЕРЛІК ТЕРЕЗЕ АШЫЛАДЫ



ҚФФ - сы маусым айының 8 - ші жұлдызынан, шілде айының 5 - не дейін жазғы трансферлік терезенің ашық болатындығын хабарлады. Бұл аралықта командалардың жаңа ойыншыларымен келісім - шарт жасауға немесе контрактіні бұзуларына мүмкіндігі бар. Ендеше, командалар сапындағы ауыс - түйістерді күтеміз!

"ТАРАЗ - U21" - "АҚТӨБЕ - U21" 1:0

"ТАРАЗ - U21" - "АҚТӨБЕ - U21" 1:0



Футболдан Қазақстанның екінші лигасы аясындағы ойындар мəресіне жетті. Бұл сында Жамбылдық қосалқы құрам (Дубль) Ақтөбеден келген командамен кездескен еді. Матч Тараз қаласындағы "Ұлан" стадионында өтті. Футболды көруге 500 - ден астам жанкүйерлер жиналды. Олар өз командасына қолдау көрсетті. Есеп алғашқы таймның 10 - минутында ашылды. Ақтөбеліктер қақпасына соғылған голдың авторы Қараман болатын. Одан ары қос команда ойыншыларында гол ұруға мүмкіндік болмады. Бірақ қақпа бағанасынан қайтып, қақпашы қайтарып жіберген ұрымтал сəттер көп болды. Жалпы, Жамбылдық жерлестеріміз осы қосалқы құрамдағы əр ойында осылай өз жанкүйерлерін қуантып келеді.

Юрий МАКСИМОВ: ЕҢ БАСТЫСЫ, ОЙЫНШЫЛАРЫМА РИЗАМЫН...

 Юрий МАКСИМОВ: ЕҢ БАСТЫСЫ, ОЙЫНШЫЛАРЫМА РИЗАМЫН...

Ақтөбені ұтып кетуге бізде мүмкіндік аз еді. Өйткені команда құрамы мықты ойыншылардан жасақталған. Бірақ, біз ештеңеге қарамай шабуылды жалғастыра бердік. Бірінші таймның соңғы екі минуты қарбалас болып кетті. Оның үстіне айып добы бар. Бірақ, ешнəрсе етпейді. Ойыншыларыма ризамын. Соңына дейін шыдады. Олардың көбі жас футболшылар. Бірақ үйретеміз, осы жағдайдан келесі ойында қалай шығу керектігін қарастырамыз. Бұл матчта ең бастысы, психологиялық тұрғыда біз үшін ұтылмасақ деген ой болды...

ТАРАЗДЫҚТАР СЫРТ АЛАҢДА АҚТӨБЕМЕН КЕЗДЕСІП, БІР ҰПАЙ ЕНШІЛЕП ҚАЙТТЫ. ЕСЕП 2:2

ТАРАЗДЫҚТАР СЫРТ АЛАҢДА АҚТӨБЕМЕН КЕЗДЕСІП, БІР ҰПАЙ ЕНШІЛЕП ҚАЙТТЫ. ЕСЕП 2:2

Ақтөбе қаласында өткен матч премьер - лиганың 12 - турының кезекті ойыны болатын. Ақтөбеліктер алаң қожайындары болғандықтан аймақтық басымдыққа, жанкүйерлердің ерекше қолдауымен ойынды бастаған. Бірінші таймда допқа иелік ету бойынша алға да шықты. Бірақ Тараздықтар бұндай басымдыққа қараған жоқ. Алғаш болып есеп ашты. Шамамен 25 - метрдей жерден шірене тепкен Виталий Евстигнеевтің əдемі голына көпшілік қол соқты. Бұл ойынның 38 - минуты болатын. Осылай қонақтар алға шықты. Алайда, матчтың 43 - минутында ойламаған жерден төреші Тараздықтар қақпасына айып добын белгілеп, алаң қожайындары есепті теңестіріп кетті. Пенальтиден гол соққан Самат Смақов еді. Естеріңізде болса, осы Самат Смақов осыған дейінгі Тараз және Ақтөбе командалары арасындағы ойында да пенальтидан есеп ашқан. Сол сценарий бүгін де қайталанды. Араға екі минут салып Ақтөбеліктердің тағы да жолы болып кетті. Допты тез арада алып өте білген Дидар Жалмұқан есепті 2:1 - ге жеткізіп, өз командасын уақытша алға шығарды. Алғашқы тайм осылай аяқталды. Екінші таймда Тараздықтар ойынды қолға алды. Əлішер Сүлей мен Малик Мане бастаған топ шабуылдау шебінде өздерін еркін ұстап, Ақтөбе қақпашысының беріктігін алма кезек сынап көрді. Осындай ұрымтал сəттің бірінде Малик Мане гол соғып есепті теңестіріп кетті. Үш қорғаушыны қатар алдап өтіп, өзі гол соққан Мане шын мәнісінде гол соғудың шебері екендігін тағы да дəлелдеді. Бұл Малик Маненің Тараз сапындағы төртінші голы болатын. Одан ары екінші таймның соңына дейін, тіпті төреші қосқан қосымша уақытта да командалар есепті өзгерте алмады. Сырт алаңда бір ұпайға қол жеткізген жерлестеріміз Ақтөбе секілді азулы командаға осылай төтеп берді. Команда ойынының ширақ болғандығын, шабуылды үдете түсіп, тактиканы өзгерткендігін мамандар жаңа бас бапкердің келуімен байланыстырып отыр.

«ТАРАЗ» ЖӘНЕ «АҚТӨБЕ» ФК ОЙЫНДАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ

«ТАРАЗ» ЖӘНЕ «АҚТӨБЕ» ФК ОЙЫНДАРЫНЫҢ СТАТИСТИКАСЫ

21 - мамыр. Яғни, осы сенбіде Тараздықтар сырт алаңда Ақтөбе командасымен кездеседі. Ендеше, осы екі команда ойындарының статистикасын ұсынамыз:
Сәл әріректен бастасақ, «Тараз» футбол командасы алғаш рет 1968 жылы «Ақтөбеліктермен» бірінші кездесуін өткізген екен. Ол ойын сол кездегі Жамбыл қаласында өткен. Біздің «Энергетик» деп аталатын командамыз алғашқы кездесуде Ақтөбе командасынан 2-0 есебімен басым түскен. Сол кездегі екі голдың авторы атақты жерлесіміз Сейітжан Байшақов болды. Ал, тәуелсіздік алғалы бері өткізіп келе жатқан Қазақстан чемпионаттарында «Тараз» бен «Ақтөбе» командалары 39-рет кездесіп, оның 24-де Ақтөбеліктер жеңіске жетсе, 9-ойында Тараздықтар жеңіске жеткен. 6-ойын тең нәтижемен аяқталыпты. Осы уақытқа дейінгі «Тараз» және «Ақтөбе» командаларының кездесуінде Ақтөбеліктер 66-гол ұрса, Жамбылдықтар олардың қақпасына 52-гол соққан. Биылғы премьер-лига ойындарының екінші турында да бұл командалар Тараз қаласында кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮНТІЗБЕСІНЕ БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР-ЛИГАСЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮНТІЗБЕСІНЕ БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Қазақстан құрама командасының Қытай командасымен өткізетін жолдастық кездесуіне байланысты жыл басында бекітілген премьер-лига ойындарының күнтізбесіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының жалпы жиналысында осындай шешім қабылданған.
Оның нәтижесінде енді XIV - тур ойындары 4-маусымнан 2-маусымға ауысты, ал, XV- тур ойындары 8-маусымнан 11-маусымға жылжытылды. XVI - тур ойындары да 12-ші маусымнан 15-маусымға шегерілсе, XVII - тур ойындары 18-маусымнан, 19-на ауысты.

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ҚЫТАЙМЕН КЕЗДЕСЕТІН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУІНІҢ ТОЛЫҚ ҚҰРАМЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ.

 ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ҚЫТАЙМЕН КЕЗДЕСЕТІН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУІНІҢ ТОЛЫҚ ҚҰРАМЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ.

Естеріңізде болса, үстіміздегі жылдың жетінші маусым айында Қытайдаң Далянь қаласында Қазақстан құрамасының Қытай құрамасымен жолдастық кездесуі жоспарланған болатын. Күні кеше сол ойында еліміздің ұлттық құрамасына шақырту алған футболшылар құрамы белгілі болды. Бұндай жауапты ойынға Қазақстан командасын Талғат Байсуфинов пен Нүркен Мазбаев сынды бапкерлер бастап барады. Төменде: маусым айының 3-нен басталатын оқу –жаттығу жұмыстарына қатысатын ойыншылар мен негізгі матчқа қатысушы футболшылардың тізімін ұсынамыз:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Ростов»), Владимир Плотников («Қайрат»), Давид Лория («Ертіс»)
Қорғаушылар: Дмитрий Шомко («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Виктор Дмитренко («Тобыл»), Ермек Қуантаев («Қайрат»), Гафуржан Суйімбаев («Ордабасы»), Сергей Малый («Ертіс»), Елдос Ахметов («Ертіс»)

Жартылайқорғаушылар: Самат Смақов («Ақтөбе»), Ұлан Қонысбаев («Атырау»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Максат Байжанов («Шахтер»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Мардан Төлебек («Ордабасы»), Серікжан Мұжықов («Астана»), Асхат Тағыберген («Астана»)

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Роман Мұртазаев («Ертіс»), Сергей Хижниченко («Тобыл»)

Резервтегілер:

Қақпашы: Самат Отарбаев («Ақтөбе»)
Қорғаушы: Берік Айтбаев («Тараз»)
Жартылайқорғаушы: Жақып Қожамберды («Оқжетпес»), Альмир Мухутдинов («Тобыл»), Тимур Досмағамбетов («Тобыл»);
Шабуылшы: Алексей Щеткин («Астана»), Жасұлан Молдақараев («Оқжетпес»).

"ҚАЗАҚСТАННЫҢ КƏСІПҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ" ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 "ҚАЗАҚСТАННЫҢ КƏСІПҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ" ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін "Қазақстан кəсіпқой футбол лигасының" (ПФЛК) жаңа президенті тағайындалды. Бұл орынға бұрын футбол саласында ұзақ жылдар еңбек еткен Бағлан Ергешов жайғасты. Ал, осыған дейін осы қызметті абыроймен атқарған Олжас Абраев өз еркімен отставкаға кетті. Бағлан Ергешов футбол саласының үздік менеджері. Əр жылдары "Оқжетпес", "Ордабасы" футбол клубтарының спорт директоры, ҚФФ вице - президенті қызметтерін атқарған.

"ТАРАЗ" ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНДА ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ.

 "ТАРАЗ" ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНДА ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ.


Бүгін қатарынан екінші күн "Тараз" футбол командасының жаңа бас бапкері Юрий Максимов орталық стадионда жаттығу жұмыстарын жүргізді. Естеріңізде болса, "Тараз" футболшылары осы сенбі күні "Ақтөбеліктермен" кездеседі. Қазір команда сол ойынға жаттығу жұмыстарын пысықтап жатыр. Юрий Максимовтың команданы жаттықтыруда өзіндік стилі бар екендігі бірден көзге көрінді. Ол қазір күніне екі мәрте жасыл алаңға келіп, футболшыларды қақпаға тура соққы бағыттауға, пас берудің əдіс - тəсілдері мен өзара ойын өрнегін көрсетуге баулып жатыр.

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 12-ТУР ОЙЫНДАРЫНА ҚАЗЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫН ТӨРЕШІЛЕР ҚҰРАМЫ АНЫҚТАЛДЫ

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 12-ТУР ОЙЫНДАРЫНА ҚАЗЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫН ТӨРЕШІЛЕР ҚҰРАМЫ АНЫҚТАЛДЫ

 

21-ші мамыр күні футболдан Қазақстан чемпионатының 12-тур ойындары өтеді. Бұл ойынды Жамбылдық жерлестеріміз сырт алаңда "Ақтөбе" командасына қарсы өткізеді. Сол матчқа қазылық жасайтын төрешілер құрамы анықталып отыр, ойынның бас қазысы Игорь Чесноков (Өскемен) қапталдағы арбитрлерге Нұрлан Жаспенов (Алматы) пен Дмитрий Будниченко (Екібастұз) бекітіліп отыр. Ойынның инспекторы: Николай Бублинский (Алматы) "Ақтөбе" және "Тараз" командалары арасындағы кездесу Ақтөбе қаласындағы орталық стадионда өтеді.

"ЖЕТІСУ U-21" — "ТАРАЗ U-21" 0:0

"ЖЕТІСУ U-21" — "ТАРАЗ U-21" 0:0

Фото Айбола Карашева.

Футболдан Тараздың қосалқы құрамы (дубль) сырт алаңда Талдықорғандық "Жетісу U-21" командасымен кездесті. Екінші лигадағы бұл екі команда арасындағы ойында есеп ашылған жоқ. 0:0. Бірақ, Тараздықтардың да, алаң қожайындарының да гол соғатын тамаша сәттері болды. Дегенмен екі командаға да сәттілік жетіспеді. Жерлестеріміз келесі ойынды өз алаңында өткізеді.

"Тараз" ФК бас бапкері Юрий Максимов республикалық sport.kz сайтына сұхбат берді.

"Тараз" ФК бас бапкері Юрий Максимов республикалық sport.kz сайтына сұхбат берді. 

Юрий Максимов: «Не люблю делать 30 передач, чтобы завершить атаку одним ударом»

Юрий Максимов: «Не люблю делать 30 передач, чтобы завершить атаку одним ударом»
 

 

Вчера ФК «Тараз» принял украинский специалист Юрий Максимов, который в интервью республиканскому интернет-порталу Sports.kz рассказал о планах команды, как возник вариант с «Таразом» и какая у него концепция игры. 

 

 

— Юрий Вильевич, как возник вариант с «Таразом» и как долго шли переговоры?
— Еще в январе я приезжал, должен был 4 января принять команду, но тогда чуть-чуть не срослось. Кое-какие обстоятельства. Сейчас вновь позвонили казахские друзья, украинским друзьям, и пригласили приехать на переговоры.

— Посмотреть команду удалось в матче с «Ордабасы»?
— Да, был на футболе, смотрел игру вместе с Акимом. У меня на шесть утра был обратный вылет, но видел, как переживает и нервничает первый руководитель. Мне предложили возглавить команду. Понял, что здесь люди порядочные. Хочу оставить какой-то след, подсказать молодым. Сегодня мне сказали, в команде были 12 игроков, остальные молодые футболисты из дубля. Как пошла череда травм, нагрузка легла на молодежь.

— Вас не смущает, что команда находится на последней строчке турнирной таблицы?
— Скажу, что судьба всегда проверяет меня на прочность. То спасать команду с последнего места, то выводит в высший дивизион. Слава богу, есть что вспомнить. С «Оболонью» выходил в Премьер-Лигу, с «Кривбассом» сумели сохранить прописку. Думаю, всё получится.

— Какие задачи перед вами поставило руководство клуба?
— Сохранить в этом сезоне место в Премьер-Лиге, и постараться повыше подняться по турнирной таблице.

— В чем концепция игры Юрия Максимова?
— Моя концепция — агрессивный футбол. Не люблю делать 30 передач, чтобы завершить атаку одним ударом. Не сторонник того, чтобы владеть территориальным преимуществом 70%. Главное — счёт на табло. Нужно больше борьбы, что любят зрители. Если без подкатов, без агрессии — такое не приветствуется у меня. Как говорил ранее, много в команде молодых игроков. Чемпионат дублеров это одно, а взрослый чемпионат, совсем другое. Кто будет биться, тот и будет играть.

— Кто вам будет помогать в «Таразе»?
— Хочу привести своих тренеров. Ответственность на мне, поэтому хотел бы рядом видеть своих людей, с которыми друг друга понимаем с полуслова. Но это не сейчас, нужно время.

— После работы в «Мордовии», вы два года были вне тренерской деятельности. Не засиделись в творческом отпуске?
— Год я вообще не хотел тренировать. Вывести команду в Премьер-Лиги России за четыре тура до финиша, и с отрывом в 14 очков ... Строили планы по сборам, думали про организационные моменты, и тут приходят: «Спасибо за работу». Понимаю, Семин авторитетный специалист, но после этого не хотел возвращаться на тренерскую деятельность сразу. Хотя за «Мордовию» по-прежнему переживаю. Там были хорошие футболисты, хорошее руководство. Всё было там хорошо.

— Что можете пообещать болельщикам «Тараза»?
— Ничего не могу обещать. Скажу, будет борьба на каждом клочке земли. Будут играть не техничные футболисты, а бойцы, которые должны отдаться игре все девяносто минут. 

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР - ЛИГАСЫНЫҢ XXI - ТУР ОЙЫНДАРЫ АЯҚТАЛДЫ

 ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ПРЕМЬЕР - ЛИГАСЫНЫҢ XXI - ТУР ОЙЫНДАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Бүгін кеше басталған футболдан Қазақстан премьер - лигасының он бірінші тур ойындары аяқталды. Кеше чемпионаттың бірінші күні Тараздықтар Шымкенттік Ордабасы командасымен кездесіп, 1:2 есебімен есе жіберді. Ақтөбе Шахтерді 2:0 есебімен ұтты. Ал бүгін қалған сегіз команда өзара бақ сынасты. Оқжетпес - Тобыл арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталса, Ақжайық - Жетісу 1:2, көпшілік тағатсыздана күткен ойын Қайрат пен Ертіс командалары арасындағы матч еді. Бұл сында Алматылық Қайраттың жолы болды. Олар 1:0 есебімен жеңді. Ал, нағыз сенсация Атырау мен Астана командалары арасындағы ойында тіркелді. Осы маусымда ешкімнен жеңілмеген Астаналықтар 1:0 есебімен Атыраулықтардан жеңіліп қалды. Міне, доп домалақ деген осы болса керек...

"ТАРАЗ" ФК БАС БАПКЕРІ АУЫСТЫ

 "ТАРАЗ" ФК БАС БАПКЕРІ АУЫСТЫ

Бүгін Тараз футбол клубы басшылығының шешімімен "Тараз" футбол командасының бас бапкері ауысты. Бұл орынға Украиналық футбол маманы Юрий Вильевич Максимов тағайындалды. Ал осыған дейін Таразды жаттықтырған Нұрмат Мырзабаев өз еркімен отставкаға кетті.



Юрий Вильевич Максимов. 1968 жылы Украйнаның Херсон қаласында туған. 1992 - 2002 жылдар арасында Украйнаның ұлттық құрамасында, жоғарғы лигадағы Динамо, Вердер, Металлург, Ресейдің Ростов клубтарында ойнаған. Футболшы ретінде Украйнаның 3- дүркін чемпоны. Барлығы 27 - ойында 5 - гол соққан. Жартылайқорғаушы. Украйна, Германия кубогінің иегері. Ал, бас бапкер ретінде Киевтің ЦСКА, Минскінің Динамо, Донцкінің Металлург, Оболони командаларын жаттықтырған. Жетістіктері де аз емес, осы Оболони командасын бірінші лигадан Украйнаның жоғарғы дивизионынына шығарды. Кривбасс командасын ұзақ уақыт алға сүйреді. Соңғы атқарған қызметі Ресейдің Мордовия клубында бас бапкер.Үйленген. Екі ұл, бір қыз тəрбиелеп отыр.

Нұрмат Мырзабаев «Тараз» ФК Бас бапкері: Бірінші таймда есе жіберіп алдық

 Нұрмат Мырзабаев «Тараз» ФК Бас бапкері: Бірінші таймда есе жіберіп алдық

 

Матчтың бірінші таймындағы командамның ойынына көңілім толмады. Олар командалық ойын көрсете алмады. Бір-біріне берген пастары дұрыс жетпей, тура соққылар бағытталмай жатқандығын да көрдіңіздер. Сол үшін де алғашқы таймнан ақ футболшы алмастыруға мәжбүр болдық. Гол ұратын тамаша сәттер болды. Бірақ ойыншыларымызға неге дәлдік жетіспегендігін түсіне алмадым. Бірқатар футболшыларымыз алған жарақатынан әлі күнге толық қанды айыққан жоқ. Олардың қатарында Иоан Мера мен Олег Недошковский бар.

Бахтияр Байсейтов. «Ордабасы» ФК Бас бапкері: Тараздықтар сөзсіз жақсы ойнады

Бахтияр Байсейтов. «Ордабасы» ФК Бас бапкері: Тараздықтар сөзсіз жақсы ойнады

Бұл екі команда арасындағы ойын қызықты әрі тартысты өтетіндігі бәрімізге белгілі. Сондықтан да біз бұл ойынға тыңғылықты дайындалдық.  Өйткені біз келесі ойынды өз алаңымызда өткіземіз. Сонда үшінші орынға таласу үшін бізге бүгін сөзсіз жеңіс керек еді. Шәкірттеріме ризамын, олар сенімді ақтады. Енді ойынға келсем, екінші таймда мен екі жартылайқорғаушыны шабуылшымен ауыстырдым. Осы әрекетім дұрыс болмаған сияқты. Сәл қорғаныста әлсіз болып қалдық. Осыны пайдаланған Малик Мане бізге гол соғып кетті. Енді болмағанда есепті теңестіріп кетуі де мүмкін еді. Жалпы, қиынырақ ойын болды. Бүгін Тараздықтар сөзсіз жақсы ойнады. Еңбекқор ойыншылар бар екендігі де көрініп тұр.

«Тараз» ФК - «Ордабасы» ФК 1:2

«ТАРАЗ» - «ОРДАБАСЫ» 1:2

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының он бірінші тур ойындары өтті. Бұл сында өз алаңында Жамбылдық «Тараз» футбол командасы, Шымкенттен келген «Ордабасы» командасын қабылдаған. Бұл оңтүстік өңірінің екі командасы арасындағы ойын қашан да тартысқа толы өтетіндігі барлық футбол жанкүйерлеріне белгілі болатын. Сондықтан да екі жақтың футбол фанаттары көп жиналды. Өз командаларына қолдау білдірді. Алғашқы таймда «Ордабасы» командасының сөзсіз басымдығы көрініп тұрды. Допты иелік ету бойынша алға шыққан қонақтар матчтың 21-минутында есеп ашты. «Тараз» қорғаушыларының қателігін тиімді пайдаланған Шымкенттік шабуылшы Филип Касалица болатын. Араға небары 8-минут салып, тағы сол Касалица ұрымтал тұсты тиімді пайдаланып кетті. Сөйтіп, бірінші таймда Касалицаның дубльі арқылы қонақтар алға шықты. Есеп 0:2. Екінші таймда жерлестеріміз ширақ қимылға көшті. Әсіресе, Әлішер Сүлей мен Малик Маненің еңбегін айтпай кетпеске болмас. «Тараз» командасының бұл ойыншылары барынша тырысып, Ордабасының тас қамал қорғаушыларын алдап өтуге тырысты. Бірақ, доп бірде қиыс кетті, енді бірде қақпашы құтқарып қалды. Қонақтар да қарап қалмады. Екінші таймның бел ортасында Шымкенттік команданың ойыншылары да Тараздықтар қақпасына қауіпті соққылар бағыттай бастады. Оның бірі қақпа бағанасына тиіп кері қайтты. Осындай тартысты сәттің бірінде Марат Шахметовтың әуелетіп көтерген пасын, Малик Мане баспен ұрып «Ордабасы» командасының қақпасына гол соқты. «Тараз» командасының шабуылшысы Малик Маненің бұл голын жанкүйерлер мен спорт мамандары осы маусымдағы тамаша голдың бірі деп бағалады. Бұл ойынның 85-минуты болатын. Матчтың соңына таман допты иелік етіп бойынша алға шықтық. Дегенмен, белсенді қимылдаған жерлестерімізге бұл жолы да тағы уақыт жетпей қалды. Әйтпесе, есепті теңестіруге санаулы ғана минуттар қалған еді.

«Тараз» футбол клубының спорт директоры Қанат Шертаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Қытай құрамасымен өтізетін жолдастық кездесуі жөнінде сұхбат берді

 «Тараз» футбол клубының спорт директоры Қанат Шертаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Қытай құрамасымен өтізетін  жолдастық кездесуі жөнінде сұхбат берді

 

Құрметті Қанат Мұхамеджанұлы өзіңізге белгілі маусым айының жетінші жұлдызында футболдан Қазақстан мен Қытай құрамаларының жолдастық кездесу өткізетіндігі белгілі болды. Бұл жөнінде не айтасыз?

Рахмет. Күні кеше Қытай Халық Республикасының футбол федерациясы келесі айдың жетісі күні Қазақстан ұлттық құрамасымен футболдан жолдастық кездесу өткізетіндігін ресми түрде мәлімдеді. Әрине, бұл біз үшін жағымды жаңалық. Өздеріңіз білесіздер Қытай құрамасы соңғы жылдары әлемдік доп додасында өзінің жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. Әсіресе, Қытай футбол клубтарына бүкіл әлемге белгілі бапкерлердің, Еуропа клубтарында ойнаған ойыншылардың көп тартылуы бұл ел командасының өзіндік ойын стилін қалыптастырды десек те болады.

 

Қытайдың барлық спорт түрлерінен алдыңғы қатарлы держава ел екендігін білеміз. Ал, футбол спорты Қытайда қалай дамыған деп ойлайсыз?

Әрине, Қытай ұзақ жылдар АҚШ, Ресей, Германия секілді алып елдермен спорттың барлық түрлерінен терезесі тең өнер көрсетіп келеді. Тіпті, Бейжіңде өткен жазғы олимпиадалық ойындарда да олар алғашқы орынды алды. Ал, Қытай футболын жөнінде айтатын болсақ. Қытай құрама командасы 1931-жылы ФИФА-ға мүше болып енді. Ал, Қытай футбол ассоциациясы алғаш рет 1924 жылы құрылды. Бұл дегеніңіз аспан асты елінің қалыптасқан үлкен футбол мектебі бар деген сөз. Қытай құрамасы Азия аймағында Жапония, Корея командалары секілді үздік футбол топтарына жатады. Олар бірнеше мәрте Шығыс Азия кубогының, Азия кубогының жеңімпаздары атанғандығын да айта кету керек. Сондықтан да мен көрші еліміздің футбол саласы қарқынды дамып келе жатыр деп айта аламын.

 

Қазақстан құрамасының Қытаймен кездесуі біздің ойыншыларға нақты не береді?

Енді Қазақстан құрамасы үшін Қытай командасы анау айтқандай үлкен қорқыныш тудырмайды деп ойлаймын. Өйткені, біздің команда осы уақытқа дейін футболы жақсы дамыған бірнеше елдің командаларымен иық тірестіре ойнай білді. Біздің ұлттық құрама да қазір өзіне үлкен тәжірибе жинап келеді. Олардың Қытайлықтармен кездесуі екі команда арасында өзіндік ойын стилін қалыптастыруға, тәжірибе алмасуға көмектеседі деп ойаймын. Менің білуімше Гао Хунбо жаттықтыратын Қытай ұлттық құрамасының сапында осал ойыншылар аз. Олардың басым көпшілігі Еуропаның, АҚШ-тың, Азияның белді командаларында тер төккен футболшылар. Мәселен: Хао Хайдун, Ли Вэйфен сынды легионерлерге қарсы ойнау біздің команда үшін қызықты әрі тартысты болатыны сөзсіз. Ендеше, алда болатын доп додасында жерлестерімізге сәттілік тілеймін.

Әңгімеңізге рахмет!

«ТАРАЗ» ФК РЕСМИ САЙТЫ