Июль 2017

31 Июль 2017

"ТАРАЗ" ФК БАС БАПКЕРІ ВАИТ ТАЛГАЕВ "ШАХТЕР" - "ТАРАЗ" ОЙЫНЫНА БАҒА БЕРДІ

Картинки по запросу ваит талгаев

Ойын қиын жағдайда өтті. Себебі біз алты ұпай үшін ойнадық.Себебі бірінші алтылыққа ену үшін бізде де, "Шахтерде" де мүмкіндік бар болатын. Бұның барлығы да алда болатын "Оқжетпес" пен "Қайсар" ойынына байланысты болады. Футболшылар бүгін ерлік көрсетті. Оның үстіне өздеріңіз де жақсы білесіздер. Қысқа мерзімді демалыс алдында ойнау да оңай емес. Дегенмен, біз алдымызға жеңіске жету жөнінде мақсат қойдық. Енді біздің демалыс жақсы көңіл күймен басталатын болды. Ойыншыларыма ризамын.  Олар нағыз ойын көрсетті, өздерінің ер мінездерін танытты.

Читать далее



"ШАХТЕР" - "ТАРАЗ" 0:1 МОРРИС МҮЛТ КЕТПЕДІ

Футболдан Қазақстан премьер- лигасының 22 тур ойындары да өтті. Бұған дейін де хабарлағанымыздай бұл сында Жамбылдық "Тараз" командасы кеншілер қаласы Қарағандыға барып, "Шахтер" командасымен кездесу өткізді. Бұл матч 0:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ойынның алғашқы минуттарынан ақ алаң қожайындарының басымдығы байқалды. Шахтерлік Милон Стояновичтің тура соққысын Логиновский дер кезінде қайтарып үлгерді. Тараздықтар да өз кезегінде Шацкий қорғаған қақпаның беріктігін сынап көрді. Əсіресе, Фещуктің тура тепкен добын Қарағанды қақпашысы қайтарып үлгерді. Ойынның отызыншы минутында Мəлік Манеде керемет гол ұратын мүмкіндік болғанымен, доп қақпа бағанасынан кері қайтты. Бірінші таймның соңына қарай Шахтерлік Хижниченконың қақпаға ұмтылған сəтінде, қорғаушы Воротников сəтті ойнап, допты алаң сыртына шығарып жіберді. Сонымен бірінші таймда жанкүйерлер ешқандай гол көре алмады. Екінші таймда "Шахтер" шабуылшылары алма кезек қарымта шабуылдарға шығып отырды. Тіпті, бірнеше қауіпті соққылар да жасап үлгерді. Алайда, "Тараз" қақпашысы Логиновский ерлік көрсетті. Ол бірде - бір соққыны жіберген жоқ. Есесіне екінші таймның соңында "Тараздықтар" ойынды қолға алып, 83 минутта есеп ашты. Горбанец сол қанаттан өзінің сүйікті əдісімен Морриске əдемі пас шығарған. Моррис мүлт кеткен жоқ. Баспен Шацкий қорғаған қақпаны тулатып түсірді. Бұдан ары Қарағандылықтардың есепті теңестіруге мүмкіндігі де болған жоқ. Сонымен, сырт алаңдағы кезекті жеңісінен кейін "Тараз" командасында 27 ұпай болды. Жерлестеріміз турнир кестесіндегі жайдайын біртіндеп жақсартып келеді.

Читать далее



ФОТОРЕПОРТАЖ. "ШАХТЁР"-"ТАРАЗ" 0:1

Читать далее



27 Июль 2017

"АСТАНА" КОМАНДАСЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

"Тараз" кәсіпқой футбол клубының ұжымы "Астана" футбол командасын Еуропа лигасы аясындағы Польшаның "Легия" командасымен болған ойындағы жарқын жеңісімен құттықтайды. Тек стадиондағы мыңдаған адам ғана емес, көгілдір экран арқылы миллиондаған адам сіздердің ойындарыңызды тамашалап отырды. Өз кезегінде Астаналықтар жылдам әрі тактикалық, бір сөзбен айтқанда нағыз Еуропалық үлгідегі футбол көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты деп ойлаймыз. "Астана" командасына алдағы ойындарда тек сәттілік тілеп, Қазақстан атын бұдан да биік белестерден көрсететініне сенімдіміз!

 

Читать далее



СЕНБІ КҮНІ "ШАХТЕР" ӨЗ АЛАҢЫНДА "ТАРАЗДЫ" ҚАБЫЛДАЙДЫ

 

Осы сенбі кеші Қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін тағы да қызықты мачттармен есте қалатын болады. Өйткені, бірқатар жоғарғы лига клубтары 22 тур ойындарын өктізеді. Бұл сында Жамбылдық "Тараз" командасы Қарағанды қаласына қонаққа барып, "Шахтер" командасымен кездеседі деп күтілуде. Ойын Қарағанды қаласының орталық стадионында 18:00 де басталады. Екі команданың да турнир кестесіндегі деңгейі әзірге бірдей. Осыған дейінгі ойындарға келсек, Биылғы премьер- лиганың бірінші кездесуінде, яғни, 8 наурыз күні "Тараз" өз алаңында "Шахтер" командасын қабылдап, екі команда 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын. Енді, сол екі қарсылас тағы да кездесетін болады. Ендеше, 29 шілде күні жерлестерімізге тек жеңіс тілейміз!

 

Читать далее



24 Июль 2017




23 Июль 2017

Ваит Талгаев. "Тараз" ФК бас бапкері

Ойын қиын болғандығын айтуымыз керек. Алайда, бірінші таймның қосымша уақытында сəтті гол соға білдік. Сосын сол есепті қалай болсада ұстап тұруға тура келді. Бұл біздің ұстанымымыз болатын. Бізде қазір құраммен үлкен проблема болып тұр. Бабаханов, Зайнутдинов пен Таубайдың жарақаты қиын. Жəне командадан тағы да жарақатпен шығып қалғандар бар. Сонда да жеңіске жеткен ойыншыларыма ризамын. Олармен мен мақтанамын.

Читать далее



ОЧЕРЕДНАЯ ПОБЕДА НА ВЫЕЗДЕ

Команда «Тараз» на выезде сыграла против Кокшетауского «Окжетпеса». Встреча завершилась победой жамбылцев. 0:1. Из 3 последних игр Тараз в двух победил, одну сыграл вничью. Благодаря чему поднялся на 7 строчку турнирного рейтинга. Что касается этой встречи, то команды начали ее без разведки. И уже на 3-й минуте синегорцы могли повести в счете — Максим Федин пробил метров с 25-ти, но здорово сыграл Владимир Логиновский, переведя игру на угловой. В ответной атаке гости вываливались два в два, но пас с правого фланга не получился. Борьба за позицию изобиловала стыками — игроки не щадили ни соперника, ни себя, но обходилось без откровенной грубости. Когда пошла компенсированная минута, Малик Мане, получив мяч в штрафной, смог с разворота поразить цель — 0:1. Второй тайм начался с активных действий синегорцев. Как ни старались игроки кокшетауского клуба вскрыть насыщенную оборону жамбылцев, забить так и не удалось. 0:1 — «Тараз» увозит гостевую победу.

 

Читать далее



"Тараз - U21" - "Иртыш - U21" 2:1

В рамках очередного тура второй лиги Казахстана по футболу дубль «Тараза» на своем поле принимал павлодарский «Иртыш». Встреча завершилась в пользу жамбылцев 2:1. Благодаря этой победе дублеры Тараза активно продвигаются в турнирном рейтинге вверх. Авторы забитых голов: Санжар Нурлыбаев (Тараз), Диас Сабыров (Тараз) и Руслан Иргебаев (автогол).

Читать далее



21 Июль 2017

ЕРТЕҢ "ТАРАЗ" КОМАНДАСЫ СЫРТ АЛАҢДА "ОҚЖЕТПЕСПЕН" КЕЗДЕСЕДІ

 Картинки по запросу окжетпес       Похожее изображение               Похожее изображение

22 - шілде күні футболдан Қазақстан чемпионаты аясында "Тараз" командасы Көкшетау қаласына қонаққа барып, жергілікті "Оқжетпес" командасымен кездесу өткізеді. Бұл екі команданың турнир кестестіндегі жағдайлары шамалас. Нақтырақ айтқанда әзірге "Тараз" сегізінші, ал "Оқжетпес" тоғызыншы орында келеді. Бұл екі команда биылғы премьер- лигада бұған дейін 6- мамыр күні Тараз қаласындағы орталық стадионда кездескен болатын. Бұл сында Көкшетаулықтардың жолы болып, "Оқжетпес" 0:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Енді, Тараздықтардың сол жіберген есені қалай болсада қайтаруға тырысатындығы анық. Бірақ, өз алаңында, өз жанкүйерлері алдында "Оқжетпес" командасы да барын салатыны түсінікті жағдай! Ендеше, ертеңгі ойыннан тек жеңіс күтеміз жерлестер.

 

Читать далее