Новости клуба

"Тараз" футболшылары жалақы мен сыйақыларын алды

20 тамыз күні команда футболшылары мен бапкерлік құрамға соңғы айларда жинақталып қалған берешек сома, яғни төрт матчтың екеуіне сыйақы берілді.

Сонымен қатар, клуб бүгінде ойыншыларға айлық бойынша берешек, яғни қарыз емес. Футбол орталығының жаттықтырушылары мен қызметкерлеріне де жалақы төлық өтелген. Айлықты толық емес қылып алып жүр деген сөздер қауесет болып есептеледі.

Клуб премьер лига, бірінші және екінші лигаларда үш бірдей команда қатыстырып отырғанына қарамастан өз міндеттемелерін толығымен орындайды. Баршаңызды нақтыланбаған ақпараттарды таратпауға, ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз.

"Тараз" КФК баспасөз қызметі