«ТАРАЗ» ЧЕМПИОНАТТЫ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

«Қайсармен» болған ойында екі доп айырмасымен жеңіліп жатып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы минуттан бастап «Тараз» сапында сегіз бірдей жергілікті ойыншы шықты. Негізі құрамда алаңда болған легионерлер қатарында тек Ненад Адамович қана болды. Өзге үш шетелдік ойыншы қосалқы құрамда қалды. Матч басталысымен бірінші таймның ортасында есеп 2:0-ге жетіп, алаң иелері басым тұрды. Дегенмен, жамбылдықтар жігері жасымай, жауынгерлік мінез көрсетті. Соның нәтижесінде Абзал Таубай, Абылайхан Жұмабек және Бауыржан Байтана «Таразды» есепте алға шығарды. Екінші таймда да қызылордалық ұжым алғашқы сәттен басымдыққа ие болды. Өткір шабуылдар жасап, соққылар бағыттауға тырысты. Тіпті тынбай жасаған шабуылдардың бірінде екі бірдей тамаша мүмкіндікке ие болғанымен, қақпашы Мұхамеджан Сейсен таразы басын теңестіруге «жол ашпады».

Қарымта шабуылдарға иек артқан «Тараз» ойыншыларында да есепті еселейтін сәттер болды. Тамаша мүмкіндікке ие болған қосалқы құрамнан алаңға шыққан португалиялық Педро Эуженионың соққысы сылбыр шыққы. Дегенмен, алғашқы жеңіс уыстан шықпады. Біріншілікті осылай сәтті бастаған «Тараз» турнир кестесінде үшінші сатыға жайғасты.