Новости клуба

Құрметті жанкүйерлер!

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде «Тараз» футбол клубы қаржылық қиындықтарға тап болып, ойыншылар мен бапкерлерге жалақыны кешіктіруде деген қауесеттер таралуда.

Қазіргі таңда клуб өз міндеттемелерін толық орындап жатқанын атап өтеміз. Жасөспірім командаларды, футбол орталығы және барлық жас ерекшелігіндегі балалар мен жасөспірімдердің өзге қалалардағы жарыстарға барып-қайтуына, басқа да көптеген қажеттіліктерге жұмсалып жатқан үлкен шығындарға қарамастан, клуб бапкерлер мен футболшыларға уақытылы жалақы төлеп келеді. Әрине, кейде аз ғана мезгіл кешіктірілетін сәттер болып қалады, оны ойыншылар түсіністікпен қабылдайды.

Клуб сапында қазір төрт қана легионер өнер көрсетуде. Команданың негізі – жергілікті ойыншылардан құралған.

Құрметті футбол жанашырлары мен жанкүйерлер!

Қазір команда Қазақстан кубогы үшін күрес жүргізуде. Бүгінде ширек финалға шығатын тамаша мүмкіндік бар. Әлеуметтік желіде команда жаттығу шықпағанын жазуда. Осыған байланысты, бапкерлік құрам қажет деп тапқан жағдайда жаттығуларды ауыстыруға немесе бас тартуға құқылы екендігін жеткіземіз. Бұл жалақының кешіктірілуіне немесе тағы да басқа жайттарға қатысты емес. Бұл соңғы уақытта Тараз қаласында ауа райының тым ыстық болуына байланысты.

Команда қазір 30 шілде күні «Атырау» командасымен өтетін кубоктық кездесуге штаттық режимде толық құраммен дайындық жасау үстінде. Сіздердің қолдауларыңызды күтеміз!

Құрметпен, «Тараз» футбол клубы