Новости клуба

НӘТИЖЕГЕ ҚАРАМАСТАН, МАТЧ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТТІ

Бұл жолы жабылдық команда турнир кестесінде қатар орналасқан «Ақтөбе» ұжымына «қонаққа» барды.

Біріншілік бел ортасынан ауған тұста турнир кестесінде қатар орналасқан командалардың кездесуі, әдетте алты ұпай үшін болатын матчқа айналады. Алаң иелері алға ұмтылып, бірнеше қауіпті соққы жасағанмен, бірде қақпашы Мұхамеджан Сейсен өз орнында болса, бірде қақпаның бағанасы «көмекке келді».

Әулиеаталықтар да ай қарап қалған жоқ. Бауыржан Байтананың да, Урош Ненадовичтің де гол соғатын мүмкіндіктері болды. Алайда, аздап сәттілік жетпеді.

Екінші таймда «Тараздың» жаңа ойыншысы Эривалдо премьер лигадағы алғашқы ойынын өткізуге әріптестерімен алмасып алаңға шықты. Өзін жақсы қырынан көрсетуге тырысып-ақ бақты. Дегенмен, қос команда қақпадан саңылау таба алмай, тең тарқасты. Нәтижеге қарамастан, кездесу қызықты өтті.

Келесі турда «Тараз» матчты өз алаңында өткізеді. 19 қыркүйек күні турнир кестесінің көшбасшысы әрі чемпиондық атаққа бірден бір үміткер ұжым қостанайлық "Тобылмен» кездеседі. Бұл матчта стадионға көрермендер жіберіледі деп күтілуде.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі