Новости клуба

Кездесудің күні ауысты

Қарағандылық «Шахтер» командасымен өтетін ҚР Кубогының ширек финалдық матч 21/22 тамыз күндері өтеу тиіс болған. Алайда қарағандылық команданың УЕФА Конференция лигасының плей офф кезеңінде ойнауына байланысты ширек финалдық кездесудің алғашқы ойыны 22 қыркүйек күніне ауыстырылды. Себебі, «Шахтер» үшін Конференция лигасында сырт алаңдағы матчқа қатынауы, кубоктық кездесулердің ойын кестесі өте тығыз болғандықтан осындай қадамға баруға тура келіп отыр.

Халықаралық турнирлерде ел намысын қорғайтын «Шахтер» және «Қайрат» командаларына сәттілік тілейміз!