Новости клуба

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНЫ ЕДІ

"Тараз" футбол клубы белгілі спорт журналисі, комментатор Амангелді Сейтханның қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол өз саласының үздіктерінің бірі еді. Қазақ спорт журналистикасы мен телевизиясында өзіндік орны бар тұлға болды. Еліміздің барлық спорт қауымдастығына көңіл айтамыз. Иманды болсын.

"Тараз" футбол клубы ұжымы