Новости клуба

Нурлан Даиров: Победы ещё впереди

  • Нұрлан, бұл кездесуде қорғаныс жақсы жұмыс жасады деп айта аламыз ба?

-Қорғаныс ұйымдасып ойнай алды деуге болатын шығар. Бастысы гол жіберіп алған жоқпыз. Демек қорғаныс шебі өз міндетін атқарды. Сонымен қатар, шабуылда да біздің команда қауіптірек ойнады. Мүмкіндіктер болды. Тек сәттілік жетіспей жатты.

  • Қай команда жеңіске жетуге жақын болды және қорытынды есеп ойынға лайықты ма?

-Екі команда да алаңға жеңіске жетіп, үш ұпай олжалау үшін шықты. Бізде де, оларда да гол соғатын жақсы мүмкіндік болды. Дегенмен, матч тең нәтижеге лайық. Біздің жарқын жеңістеріміз әлі алда екеніне сенімім зор!

"Тараз" ФК баспасөз қызметі