Новости клуба

Игроки национальной и молодежной сборной остались в команде

"Тараз" футбол клубы жаңа маусымға дайындықты Түркияда өтетін оқу жаттығу жиынынан бастайды.

"Тараз" өз түлектеріне сенім артуды әрі қарай жалғастырады.

Клуб әкімшілігінің мәліметіне сүйенсек, жергілікті жастарға зор үміт артылмақ. Биылғы маусымда команданың негізі былтыр команда құрамында ойнаған жамбылдықтардан жасақталу көзделуде. Бірер күн бұрын команданың көшбасшылары, ұлттық құраманың ойыншылары Бауыржан Байтана, Мұхамеджан Сейсен, еліміздің жастар құрамасының ойыншылары Абылайхан Жұмабек, Дінмұхамед Қараман клубпен келісім шартты ары қарай ұзартты. Сонымен қатар, өзге командаларда ойнап жүрген жамбылдықтарды да қатарға қосу көзделуде.

Клуб легионерлерге қатысты сол принципті әрі қарай жалғастырады. Яғни нақты сараланып, іріктеліп, бес легионер алу, одан әрі көбейтпеу принципін ұстанады. Таңдалғанда да жоғары сапалы мамандарға тоқталу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, команданың толық бапкерлік құрамы клубта ойнаған мамандардан жасақталған болатын. Бас бапкер болып Қазақстан чемпионы Нұркен Мазбаев, оның көмекшілері ретінде Нұрмат Мырзабаев, Ерлан Елеусінов, спорттық директор болып Азамат Ниязымбетов, сондай-ақ команданың экс-ойыншысы Азиз Анарметов тағайындалған.

"Тараз" ФК баспасөз қызметі