Новости клуба

Футболисты "Тараза" уступили многократному чемпиону

«Тараз» футболшылары ел чемпионатының кезекті турында «Астана» командасымен сырт алаңда ойын өткізіп, біріншілік жеңімпазы атануға үміткер ұжымға есе жіберді.

Матчтың алғашқы бөлігінде жамбылдық команда қарсыластың өткір шабуылдарына қарсы төтеп бере алмады. Екінші таймда бірқатар шабуылдар ұйымдастыруға тырысқанмен, оңды нәтиже бола қоймады. Жылдам соғылған голдар бас көтертпей, алаң қонақтарының өз ойын мәнерін көрсетуіне мүмкіндік бермеді. Қорытынды есеп 3:0.