«Тараз» Футбол клубы бұл күндері Түркияның Анталья қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

 

Түркияда футбол командаларының жаттығуларына барлық жағдайдың жасалғаны белгілі. Маусым аралықтарында мұнда ондаған команда жаттығатындықтан спарринг-әріптес табу ешқандай қиындық туғызбайды. Соның арқасында тараздықтар төрт жолдастық кездесу өткізуді жоспарлаған еді. Олардың біріншісі Әзірбайжанның жоғары дивизиондағы «Зира» командасымен 15 қаңтарда өтуі тиіс болатын. Дегенмен, бұл матч ауа райының күрт нашарлауына – курорттық қалада нөсер жауын жаууына байланысты өтпей қалды.

Алайда тараздық клуб тәжірибесіз қалған жоқ. Келесі күні бірінші лигадағы тунистік «Зитуни» клубымен басқа кездесу өтті. Жамбылдықтар үшін бұл кездесудің таңқаларлықтай жеңіл болғанын айту керек. Африкалықтар алғашқы жарты сағатта ғана табанды қарсылық көрсетті. Осыдан кейін тараздықтар Абзал Таубайдың арқасында есеп ашты. Қарсыластар өз тылдарын ашық қалдырып, алға ұмтылған. Біздің футболшылар оны тиімді пайдалана алды. Жиі-жиі қарсы шабуылдар ұйымдастырды. Нәтижесінде Таубай дубль жасаса, Думан Тұрсынбай есепті ұлғайтты. Екінші таймда да ойын осындай ырғақта өтті. Сөйтіп, жерлестеріміз 7:0 есебімен жеңіске жетті.

-             Жеке-дара бір ойыншыны бөліп айтқым келмейді, - дейді команда жаттықтырушысы Вахид Масудов. – Команда барын салып ойнады. Дегенмен, бұл - жолдастық кездесу, біз өз тәрбиеленушілеріміз бен командаға қосылуы мүмкін жаңа ойыншыларды байқап көрдік. Қандайда бір қорытынды жасауға әлі ерте.

Тараздықтар жаттығу жиынында тағы үш жолдастық кездесу өткізеді.


ДРУГИЕ НОВОСТИ

18/02/2019 | Көргендер саны:113 | НОВОСТИ КЛУБА

Олеся Моисеенко: жанкүйерлер әйел футболын жылы қабылдайтын болады

Осыған дейін хабарлағанымыздай, «Тараз» футбол клубының қарамағында 2006-2007 жылы туған қыздар командасы құрылған болатын. Ұжымның бас жаттықтырушысы болып тағайындалған ҚР Ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Олеся Моисеенко бүгін клубтың баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап берді.

12/02/2019 | Көргендер саны:160 | НОВОСТИ КЛУБА

Интервью с Лашей Касрадзе

11/02/2019 | Көргендер саны:266 | НОВОСТИ КЛУБА

Премьер-лиганың күнтізбесі жарияланды: бірінші ойын «Қайратпен»

Қостанайда Премьер-Лига күнтізбесінің жеребе тарту рәсімі өтті. «Тараз» алғашқы кездесуін еліміздің вице-чемпионы алматылық «Қайратпен» өткізетін болады.

11/02/2019 | Көргендер саны:219 | НОВОСТИ КЛУБА

Оқу-жаттығу жиыны басталды.

«Тараз» ПФК Түркияның Анталия қаласында жаңа оқу-жаттығу жиынын бастады.

Обзоры матчей

Голы ФК "Тараз"

Видео

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2019 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"