Ел чемпионатының кезекті турында «Тараз» петропавлдық «Қызылжарға» есе жіберді – 0:1

 

Кездесуде қос командаға да жеңіске жету өте маңызды болды. Оның негізгі себебі – командалардың турнирлік кестеде қатар орналасуы. Ойынның бірінші бөлігіндегі гол соғуға ұмтылған сәттер осыны көрсетті. Дегенмен, таблодағы көрсеткіш ашыла қоймады.

Екінші таймда «Қызылжар» ойыншысы Момоду Сиссей «Тараз» қақпашысының қателігін мүлт жібермей, допты қақпаға бағыттай салды.

Ойынның қалған уақытында тараздықтар қарсыласты қыспаққа алып бақты. Алайда, қақпадан «саңылау таба алмады». Осылайша жеңіс «Қызылжар» қоржынында кетті. Өкініштісі – енді бұл маусымда «Тараздың» алға қойған алғашқы алтылыққа ену деген мақсатына жету қиындау болмақ.

 

 


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

22/10/2020 | Көргендер саны:40 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Джорахон Бабаханов: Командадан, барлық жанкүйерлерден кешірім сұраймын

«Тараз» қақпашысы «Қызылжар» командасымен ойында сәтсіз өнер көрсетіп, қарсыластың гол соғуына мүмкіндік беріп қойған болатын. Клубтың баспасөз қызметіне сол сәт туралы пікірімен бөлісті.

28/09/2020 | Көргендер саны:118 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

"Тараз" бас бапкері Владимир Никитенко "Тобылмен" өткен матч туралы пікір білдірді

-Бұл матчың бірінші таймы туралы не айтасыз?

20/09/2020 | Көргендер саны:93 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

18/09/2020 | Көргендер саны:93 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құттықтаймыз!

"Тараз" КФК команда ойыншысы Абзал Таубайды ұлды болуымен құттықтайды! Сізге және отбасыңызға бақ-береке, махаббат және денсаулық тілейміз!

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"