«Тараз» қақпашысы «Қызылжар» командасымен ойында сәтсіз өнер көрсетіп, қарсыластың гол соғуына мүмкіндік беріп қойған болатын. Клубтың баспасөз қызметіне сол сәт туралы пікірімен бөлісті.

 

-Джорахон, ол жағдайда не болды?

-Өте өкінішті жайт. Мен допты ырқыма көндіріп, ұстап қалуға тырыстым. Бірақ қолдан шығып кетіп, қарсылас команда ойыншысына жетті. Бұл қателік мен ғана емес, команда үшін де ауыр болды. Командадағы жігіттер мен барлық жанкүйерлерден шынайы кешірім сұраймын. Ол сәттегі жауапкершілік менің мойнымда.

-Дәл сол сәтті есепке алмасақ, жалпы бұл матчта жаман емес ойын өрнегін көрсете білдің...

-Ия. Бірақ сондай сәттер жанкүйерлер есінде ұзақ сақталады. Қақпашылардың бір қателігі барлық еңбекті жоққа шығаруы мүмкін. Футбол заңы солай...

-Матчтан соң командадағы ойыншылар не айтты?

-Командаға рақмет! Олар қатты абыржымай, сабырға келуге шақырды. Мұндай сәттер басқа қақпашыларда да соңғы кездері болып жатқанын айтты. Тіпті мықтылар да қателеседі. Бірақ мұндай сәттерде ол көңілді тыныштандыра қоймайды. Ондай қателіктер қайталанбас үшін жұмыс жасауды жалғастыру керек. Тағы да команда мен жанкүйерлерден кешірім сұраймын.


Joomla SEF URLs by Artio

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

22/10/2020 | Көргендер саны:38 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

МАҢЫЗДЫ МАТЧТА КЕТКЕН ЕСЕ

Ел чемпионатының кезекті турында «Тараз» петропавлдық «Қызылжарға» есе жіберді – 0:1

28/09/2020 | Көргендер саны:119 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

"Тараз" бас бапкері Владимир Никитенко "Тобылмен" өткен матч туралы пікір білдірді

-Бұл матчың бірінші таймы туралы не айтасыз?

20/09/2020 | Көргендер саны:93 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

"Тараз" футбол клубы клубтың спорттық директоры Нұртас Кургулинді туған күнімен құттықтайды! 34 жастағы Нұртас Мәлікұлы спорттық мансабын 2005 жылы бастады. Ол әр жылдары "Тараз", "Тобыл" командаларында ойнап, 230-дан аса матч өткізді. Ұлттық құрама сапында екі кездесуде алаңға шықты. 2011 жылы Қазақстан біріншілігіндегі үздік 33 ойыншы қатарына еніп, екінші сатыдан көрінді.

18/09/2020 | Көргендер саны:94 | КЛУБ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Құттықтаймыз!

"Тараз" КФК команда ойыншысы Абзал Таубайды ұлды болуымен құттықтайды! Сізге және отбасыңызға бақ-береке, махаббат және денсаулық тілейміз!

г. Тараз, ул. Абая, 113

+7(7262) 45 36 59, fc_taraz@mail.ru

© 2020 | ФУТБОЛЬНЫЙ КЛУБ "ТАРАЗ"