Жорже дос Сантос: "Жекелен сәттер ойын тағдырын шешіп кетті"

  • Бұл матчта не жетіспеді деп ойлайсыз?

-Ойын өте қиын болды. Күрес те көп. Кездесуде біз жаман өнер көрсетпедік деп ойлаймын. Жекелеген сәттер ғана біраз нәрсе шешті. Қарсылас сәл ғана басым болып, сәттілік соларға болысып кетті. Алдағы ойындарда оны да ескереміз.

  • Бірінші рет негізгі құрамда шықтыңыз. Қалай бағалайсыз?

-Бұған өте қуаныштымын. Әрі командаға пайдамды тигізуге қатты құлшыныс болды. Жақсы мүмкіндіктер болды. Қарсылас барында бізді жан-жаққа бұрылуға мұрша бермеуге тырысты. Бір бірімізбен жақсы түсінісіп келеміз. Оң нәтиже болмағаны ғана өкінішті.

  • "Астане" жүз пайыздық мүмкіндік бермеуге тырысты. Сәтсіздіктен гол жіберіп алдыңыздар...

-Футбол ғой. Жанкүйерлерімізден қолдау көрсетуді одан әрі жалғастыруды сұраймын. Біз сіздердің қолдауды жақсы сезінеміз. Алдымызда көптеген матчтар күтіп тұр. Қуантуға тырысамыз

"Тараз" ФК баспасөз қызметі