Клуб жаңалықтары

ЖАМБЫЛДЫҚ МІНЕЗ КӨРСЕТТІ

-Осындай мәнердегі ойын болады деп күттіңіз бе?

-Шынында эмоцияға толы, көрерменге қызықты матч болды. Қос команда да қорғаныста жатып алмай, жеңіске жету үшін алға ұмтылды. Ашық мәнердегі ойында гол соғатын мүмкіндіктер жиі кездеседі. Қорытынды нәтиже заңды деп ойлаймын.

-Негізгі уақытқа қосылған қосымша минутта ойынды құтқаруға болатынына сендіңіз бе?

-Өте қатты үміттендім. «Тараз» жамбылдық мінез көрсетті. Соның арқасында осындай нәтиже болды.