ВАРДАН МИНАСЯН: ОҢАЙ ОЙЫНДАР ЖОҚ

-Өткен ойында не жетіспеді?

-Бірінші соғылған жылдам голдан кейін біз кішкене босаңсып қалдық. Кейбір сәттерде әдемілік үшін ойнап жатты. Футболда мұндай жағдайлар кешіріле бермейді. Екінші таймда жеңіс жету үшін ойын мәнерін жоспарлап шықтық, бірақ күтпеген гол жіберіп алдық. Барлық күшті қайта жиып, гол соғып едік, тағы өз қақпамыздан доп алып шығуға мәжбүр болдық...

-Мүмкін қарсыласты бағаламаған жағдай орын алған шығар? Әлде қарсылас командадан мұндай ойын күтпедіңіздер ме?

-Олай ойламаймын. Ойын алдында біз футболшыларға «Жетісудың» турнир кестесіндегі жағдайға мән бермеу керектігін айттық. Кестеге қарамастан команда қарсыластарына өте жақсы ойын мәнерін көрсетіп жүргенін жеткіздік. Олар көрермен қызығатын ойын көрсете алады. Осындай ойынды біз күтпедік деуге келмейді. Алдын ала зерттеп, сараптағандай ойын көрсетті.

-Мүмкін соңғы матчтардағы жеңілістерден кейін команда психолгиялық тұрғыда қалыпқа келіп үлгермен болар...

-Ақталғым келмейді, бірақ соңғы ойындарда алған жарақаттар мені алаңдатты. Бұл жағдай бізге құрамды түрлендіруге мүмкіндік бермеді. Жеңілістерден кейін шын мәнінде сенімділік жоғалады. Футболда психология бірінші орында. Алдындағы позитивті жағдайды қайтару үшін кейбір тұстарды қайта қарап, келесі ойындарда жеңіске жету үшін тыңғылықты жұмыс жасауымыз керек. Қазір, Құдайға шүкір, командада жарақаты бар ойыншылар жоқтың қасы.

-Алдыда «Тараздың» сарт алаңда өткізетін екі қиын болатын кездесуі бар. Одан соң өз алаңымызда өтетін «Қайратпен» матч күтуде. Ол ойындарда қалай ұпай алуға болады?

-Алдында айтқанымдай, біріншілікте оңай өтетін ойындар жоқ. Әрқайсысы өзінше қиын қарсылас. Бірақ кіммен ойнасақ та алаңға жеңіске жету үшін шығуға дайындалуымыз қажет. Ең бастысы команданы қолдайтын, «Тараз» үшін алаңдайтын адал жанкүйерлерге рақмет айтқым келеді. Команданы қиын кезде қолдау керек. Әсіресе көптеген жергілікті жастар ойнап, басшылық өз түлектеріне сенім артып отырған кезде. Оларға уақыт беріп, қиыншылықтарға кездессе, кейін пісіп шығады. Команда жақсы ойнай алатынан өткен 8-9 ойында көрсетті. Олар әр ойында барын салады. Командамен бірге болыңыздар!

«Тараз» КФК баспасөз қызметі