Клуб жаңалықтары

ВАРДАН МИНАСЯН: «ЕҢСЕНІ ТҮСІРМЕЙ, ҚАЙТА КҮШЕЮГЕ ТЫРЫСАМЫЗ»

-Вардан мырза, «Тараз» тәуір ойнағанмен, қарсылас команда үш ұпай олжалап қайтты. Кездесу барысында не жетіспеді?

-Ойынға дейін жоспарлағанымыз матчтың басында жүзеге асып жатты. Бірақ Педроның ойынды жалғастыра алмауы бірқатар өзгерістер жасауға әкелді. Қорғаушылар жақсы ойнағанымен, шабуыл шебінде өткірлік жетіспеді. Үзіліс кезінде өзгеріс жасаған соң екінші таймда қарсыласқа қысым жасап, гол соғатын мүмкіндіктер пайда болды. Алайда соңғы пас пен жасау жетіспеді.

-«Астанамен» тең дәрежеде ойын өтті деуге болады...

-Футболда кездейсоқтық деген болмайды. Қарсылас жеңді ме, демек оған лайықты болған. Ал біздің командаға келсек, өзім жігіттердің қатаң мінез танытып, қысып жасап, гол соғуға барынша тырысқанына разымын.

-Эуженионың кездесу басында-ақ жарақат алуы матчқа қаншалықты әсер етті деп ойлайсыз?

-Айтарлықтай әсер етті. Командадағы өзге де ойыншылардың жарақаты көрініс зиянын тигізуде. Осы ретте біздің қолымыз байлаулы деуге болады. Алаңдағы жағдайға тиісінше реакция жасай алмаудамыз.

-Қарсылас команда өте қатаң ойын мәнерін көрсетті деп ойламайсыз ба?

-Мен олай деп есептемеймін. Футбол – адамдар жанасып өнер көрсететін спорт түрі. Соған дайын болу керек.

-Ойыннан қандай қорытынды шығарасыз?

-Әдеттегідей, сараптап, қорытынды шағырып, алға қарай қадам басамыз. Еңсені түсірмей, әрі қарай дамыта береміз. Күшеюге тырысамыз. Біз әлі де болса қалыптасу кезеңіндеміз.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі