Клуб жаңалықтары

Қазақстан жастар құрамасы Солтүстік Македония құрамасын жеңді. Есеп 2:1.

Екінші таймда "Астана" ойыншысы Саги Совет есепті ашты. Ал екінші голдың авторы Абылайхан Жұмабек.

Ойын қорытындысы бойынша тараздық футболшының соққан голы құрамаға жеңіс сыйлады. Кездесу соңына 15 минут қалғанда қарсылас есеп айырмасын қысқарта алды.

Нәтижесінде қазақстандықтар қоржынына үш ұпай түсті. Есеп 2:1.

26 наурызда Қазақстан құрамасы Болгария құрамасымен екінші матч өткізеді.

"Тараз" шабуылшысы Абылайханды жастар құрамасындағы голымен құттықтаймыз!