Клуб жаңалықтары

"ТАРАЗ" ФУТБОЛ КЛУБЫНАН ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРҒА

Ойыншылар мен бапкерлер өрт салдарынан қиын жағдайға тап болған азаматтарға қажетті заттар алу үшін қаражат жиып, гуманитарлық көмекті бүгін тиісті орынға аттандырып жіберді.

Біз бұл жағдайдан сырт қала алмадық. "Тараз" футбол клубы зардап шеккен адамдарға және оларға көмек көрсетіп жатқан медицина мамандары мен құтқарушыларға арнайы көмек жіберді. Біздің жігіттермен ақылдасып, мұндай жағдайда бүкіл ел болып атсалысу керек деп шештік. Бүгін бізбен бірге болған AMANAT партиясының еріктілеріне де рахмет айтамыз. Мұндай апаттар орын алмай, баршамыз амандықта болайық!