«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КЛУБЫ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Тараз» және «Тараз-Қаратау» командаларының ойыншылары келіп, шеберлік сыныптарын көрсетті.

Футбол орталығының жетекшісі Сергей Пак пен бапкер Сүйін Молдашбаев балаларды құттықтап, клубтың басшылығы балалар мен жасөспірімдер футболының жүйелі дамуына үлкен назар аударып, жұмыс жасалып жатқанын айтты.

Қақпашылар Джурахон Бабаханов пен Алмаз Хамытбеков балалармен қақпашы құпияларымен бөліссе, «Тараз-Қаратау» командасының капитаны Нұралы Мадияр дриблинг жасаудың қыр-сырын түсіндіруге тырысты.

Одан соң жас спортшылар 8 топқа бөлініп, байқауға қатысып, сынға түсті. Нәтижесінде, Сұлтан Дәуренов «Үздік финтер» болса, Демеу Әбілек «Үздік дриблер» атанды. Ал қыздар командасының өкілі Тахмина Жүнісова «Үздік жүйрік» аталымын жеңіп алды.

Барлық жеңімпаздарға сыйлықтар берліп, марапатталды. Сонымен қатар, мерекелік құттықтау іс-шарасының қорытындысында балаларға балмұздақтар мен сусындар үлестіріліп, естелік сыйлықтар берілді.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі