Клуб жаңалықтары

"Тараз" чемпионат фаворитінің бірімен тең түсті

Матчтың бірінші таймында алма-кезек шабуылдар мол болды. Соның бірінде Абылайхан Жұмабек жойқын соққы жасап, есеп ашты. Екінші кезеңде ойынға тыңнан қосылған Килан Лебон таразы басын теңестірді. Нәтижесінде бір ұпай еншілеп, алтыншы орынды сақтап қалды. "Тараз" осымен қатарынан екінші матч чемпион фавориттерімен тең ойнады. Мұның алдында сырт алаңда "Тобылмен" де 1-1 ойнаған еді.