Клуб жаңалықтары

СТАДИОНҒА КІРУ – ТЕГІН

«Тараз» футбол клубының чемпионаттың соңғы екі турындағы кездесулерге тегін кіре аласыздар! Біріншіліктің күнтізбесіне сәйкес, қос матч өз алаңымызда, яғни «Орталық» стадионда өтеді.

24 қазан күні шымкенттік «Ордабасы» командасымен кездесу болса, бір аптадан кейін қызылордалық «Қайсар» командасын қабылдайды.

Соңғы жылдары команда алғаш рет турнир кестесінің алғашқы бөлігенін орын алатын мүмкіндік туындап отыр. Сондықтан алдағы матчтардың маңызы зор. Сол себепті клуб әкімшілігі екі кездесуге де жанкүйерлерді стадионға тегін кіргізу туралы шешім қабылдады. Мұндай қадамды маусым бойы қолдау көрсетіп келген жанкүйерлерге деген құрмет деп қабылдасаңыздар болады. Әрбір жанкүйерге алғыс білдіреміз!

Стадионға кірер алдында Сіздің ұялы телефоныңызда Ashyg қосымшасы болуы тиіс екенін ескертеміз!

Құрметті жанкүйерлер! Сіздерді 24 қазан күні сағат 15:00-де болатын «Тараз» - «Ордабасы» матчына шақырамыз! Командамызды қолдайық, ағайын!