Клуб жаңалықтары

РУСЛАН ЭСАТОВ: «МАҚСАТ – АЛҒАШҚЫ БЕСТІККЕ ЕНУ»

-Руслан, өткен ойын туралы айтсаңыз...

-Біз қарсылас команданы зерделеуге тырыстық. Олардың күшті және әлсіз тұстарын білдік. Команда тікелей қақпаға ұмтылатын ұжым, стандартты жағдайларда өте қауіпті. Егер матчтың соңын есепке алмасақ, онда біздің жігіттер жалпы алғанда қойылған тапсырманы орындады. Соғына қарай шаршап қалды. Бірақ сәттілік бізге серік болды. Допқа көп иелік еткенімізбен, шабуылда соңғы пас беру жетіспей жатты.

-Командаға маусымда қандай меже қойылған?

-Басты мақсат – «Тараздың» негізгі құрамына резерв дайындау, сонымен қатар чемпионатта алғашқы бестікке енуге тырысу.

-Егер команда жетістікке жетіп жатса, премьер лигада ойнамайды. Сонда ойыншыларға қандай мотивация бар?

-Олар үшін ең маңыздысы – негізгі құрамға өту. Осы мақсат үшін жақсы нәтижелер көрсетіп, алаңда жұмыс жасауда әбден болады деп ойлаймын.

-Қандай да бір ойыншыны қазіргі уақытта негізгі құрамға ұсынуға бола ма?

-Мен ойыншылардың 80% негізгі құрамға қабылдауға қарап көруге ұсынар едім деп ойлаймын. Сондай-ақ, негізгі команданың бапкерлік құрамы біздің ойыншыларға да жиі назар аударып отырады. Қазірдің өзінде 7 футболшымыз негізгі құрамға шақырылып, солармен жаттығу жасап жүр. Олардың саны әлі де өсе түсетініне күмінім жоқ.

-«Шахтер-Болат» командасымен өтетін ойынға жоспар қалай?

-Жеңіске ұмтыламыз. Бірінші лигада оңай қарсылас жоқ. Әрқайсысына толық дайындық пен күш жұмсауды қажет етеді. Жақсы нәтижеге жетеміз деп үміттенеміз.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі