Клуб жаңалықтары

Ресми: Қуаныш Қалмұратов «Тараз» ойыншысы

Атырау футбол мектебінің түлегі мансабын 2013 жылы «Атырау» командасының жастар құрамында бастаған. 2014 жылы «Астана - 1964» сапында ойнап, бір жылдан соң «Атырау» қатарына қайта оралды. Сонымен қатар, әр жылдары «Қайсар» және «Тұран» жейдесінде де өнер көрсетті.