Клуб жаңалықтары

ПЕДРО ЭУЖЕНИО: «ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНДА ОЙНАУҒА ҚАРСЫ БОЛМАС ЕДІМ»

-«Ақжайықпен» ойын қиын өтті. Қапталдан қапталға ұзақ пастар беріп, айып алаңына жиі доп жеткізіп, өз алаңымызда ыңғайсыз сезімде қалдыруға тырысты.

-Сіз осымен қатарынан төрт ойында гол соқтыңыз. Оның екеуі командаға жеңіс әкелді. Өзіңізді қаһарман ретінде сезіндіңіз бе?

-Жоқ, олай сезінбедім. Команда 90 минут бойы тер төгеді, еңбектенеді. Бастысы өзімізге қажетті ұпайды еншіледі. Кімнің гол соққаны маңызды емес.

-«Таразда» нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп жүрсіз. Өзге маусымдарда олай емес еді. Бұған бірнәрсе әсер етті ме? -Мен алдында ойнаған командада шабуылшы болдым. Айырмашылығы осында ғана. Ал мұнда менде жаңа позиция – сол қапталдағы жартылай қорғаушы. Мүмкін бапкерлер осы тұста ойнағанымды жөн санаған шығар.

-«Ордабасы» командасының легионері Жоао Пауло Қазақстан ұлттық құрамасына ойнауға дайын екендігін айтып қалды. Егер сізге осындай ұсыныс түссе, қалай қабылдар едіңіз?

-Неге ойнамасқа?! Кез келген ойыншыға елдің бас құрамасында ойнап, халықаралық аренада намысын қорғау – зор мәртебе. Егер менде мұндай мүмкіндік боп жатса, Қазақстан құрамасы сапында елдің намысын қорғауға тырысатын едім.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі