Клуб жаңалықтары

«ТАРАЗ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРЛЕРГЕ ҮНДЕУІ

Команда да жеңіске жеткісі келгені белгілі.

Бірақ ойынның қалай өткенін барлығы көрді. Алаң иелері екі гол соғып, алға шығуға ұмтылғанын, ұпайды қоржынға салғысы келгенін айқын көрсете білді. Бірақ алаң қонақтары үш гол соға алды. Доп көп иелік етіп, басқа да компоненттерде басымдық танытқанмен, турнир кестесінде соңғы орындарда келе жатқан командаға жеңіліп қалу жиі кездесе бермейтін жағдай. Бірақ, тіпті әлем футболындағы белді ұжымдар да мұндай жағдайдан сақтандырылмағандығын атап өту керек.

Бұл ойында жарақатынан жаңа айығып келе жатқан ойыншылар да негізгі құрамға шығып ойнады. Бұл, әрине ойыншыларға оңай соқпайды. Одан бөлек жарақат алған бірнеше ойыншы бұл мачтты жіберіп алуға мәжбүр болды. Биыл «Тараз» сапындағы 26 ойыншының 19-ы клуб түлектері мен тәрбиеленушілері екенін атап өту қажет. Бұл республика бойынша ең үздік көрсеткіш болып есептеледі. Осы бағытта «Тараз» футбол клубы команданың келешегі үшін өте тиімді жұмыс жасауда. Жасөспірімдер жаттығатын футбол орталығынан бастап негізгі құрамға дейін сабақтастық бар екеніндігі футбол мамандарының оң бағасын алуда.

Клуб премьер-лигада аймақ намысын лайықты қорғауға тырысуда. Жоғары лигада ойнаған команданың жас ойыншылары үшін бұл үлкен тәжірибе болмақ. Бүгінде еншілеп отырған 17 ұпай мен турнирлік кестетеді алтыншы орын – бапкерлік құрам мен клуб ойыншыларының жұмысының нәтижесі.

«Тараз» ФК бюджеті миллиардтаған қаржыдан тұрмайды. Былтырғы жылдардағыдай биыл да 1,2 млрд теңгені құрайды. Бұл премьер-лигадағы өзге клубтармен салыстырғанда ең аз көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. Сондай-ақ, бұл сома тек негізгі құрамға ғана бөлінген қаржы емес. Жасөспірімдер тәрбиеленіп жатқан футбол орталығы, қосалқы командалар, футбол орталығының жұмысы, стадион мен оқу-жаттығу базасын қамтамасыз ету, клуб қызметкерлерінің жалақасы секілді көптеген бағытқа арналған. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен, бірінші лигада өнер көрсететін «Тараз-Қаратау» командасы құрылды. Бұл негізгі құрамға іліне алмаған футболшылар үшін ойын тәжірибесін жоғалтпауға үлкен мүмкіндік береді.

Тағы бір атап өтетін жайт, клуб ойыншыларға да, басқа қызметкерлерге де жалақысын кешіктірмей келеді және ешкімге қарыз емес.

Біз көптеген жанкүйерлердің командаға адал екендігін және қолдау білдіріп жатқанын көріп отырмыз. Осындай жағдайда түсіністік танытып, жылы сөздер жазып жатқандарыңызға ризашылық білдіреміз.

Алдымызда бірнеше қиын кездесулер күтіп тұр. Ол ойындарда сіздердің қолдауларыңыз қажет болатыны айқын. Футболшылар өте мықты ұжымдарға қарсы кездесулерге дайындалу үстінде.

Осығанн жағдайға байланысты, барлық жанкүйерлерді сабырлық пен салқынқандылық танытып, қиын сәттерде эмоцияға ерік бермей, қолдау танытуға шақырамыз. Жарқын жеңістер алда екеніне сенеміз!!!

Құрметпен, «Тараз» кәсіпқой футбол клубы