Клуб жаңалықтары

Нұркен Мазбаев: "Ойын әділ болуы үшін VAR жүйесі пайдасын тигізуде"

-Қос команда да жақсы өнер көрсетті. Тартысты матч болды. Ойынның қорытынды нәтижесі алаңдағы көріністерге сәйкес деп ойлаймын. Екінші таймда Таубайда жақсы мүкіндік болды. Ол сәтті болғанда ойын өзгеше болар ма еді... Ал бізге гол соғылған сәтте шабуыл сол қапталдан келді. Сол жақтан пас асыртпауға тырысу керек деп тапсырма қойған едік. Бірақ қателік орын алды. Ал соңғы 15 минутта ойын мәнерін өзгертіп, шабуылды күшейттік. Ол өз нәтижесін берді деп ойлаймын. Біздің чемпионатқа о баста VAR жүйесі енгізілгенде қуанған едік. Себебі төреші байқай бермейтін ереже бұзуларды, кейде керісінше жағдайларды анықтап беруге жәрдем жасайды. Қазір міне 10 тур өтіп жатыр. Ал 7-8 команданың кестедегі орны бір турдың өзінде өзгеріп кетуі әбден мүмкін. Бұрында бұл жүйе жоқ кезде 2-3 команда көш бастап кететін еді. Сондықтан әділдік үшін VAR жүйесі пайдасын тигізіп жатыр деп ойлаймын.

Сонымен қатар, бүгінгі мерекемен барша ер-азаматтарды құттықтағым келеді. Жеңіске жетуге үлес қосқан ардагерлеріміз, Отан қорғаушы ұландарымыз әрдайым аман болсын!

-Бүгінгі тең ойынды оңды нәтиже деп ойлайсыз ба және Байтананың болмауы қаншалықты әсер етті?

-Иә, нәтиже оң деп ойлаймын. Бұл менің жеке пікірім. Бауыржанның жетіспегені рас. Ол біздің алдыңғы шептегі үздік ойыншымыз. Оның әрекетінде креативті шешімдер өте көп болады. Шеберлігі де басым. Тәжірибесі де мол.

"Тараз" ФК баспасөз қызметі