Клуб жаңалықтары

Ненад Адамович: «Алдағы мақсатымызға маңызды қадам жасадық»

— Ненад, бүгінгі ойын туралы не айтасың?

— Біріншіден, біздің барлық жанкүйерлерді осы жеңіспен құттықтаймын. Ойын өте қиын болды. Қысым болғаны анық. Екі команданың да жеңіске жеткісі келіп тұрғаны алаңда айқын сезілді. Сол себепті бір команда екі бірдей гол соқса, екіншісі жинақталып, жеңісті жұлып алды.

— Таразы басын кері теңселтуге қандай қадам әсер етті деп ойлайсың?

— Біз мінез көрсеттік. Әлгіндей есептің өзінде ес жиып, жеңіске жете алатынымызды таныттық.

— Бірінші таймда голдау тау тұрғызылса, екінші таймда қақпадан саңылау табылмады...

— Екінші бөлікте есепте біз басым болдық. Сол себепті қорғанысқа көп мән бердік. Десек те біз тағы да гол соғатын жағдайлар болды. Қалай болғанда да үш ұпай алдық. Бірінші ойын болғандықтан үлкен маңызға ие болды. Алға қойған мақсатымызға қарай маңызды қадам жасадық. Біз биыл жанкүйерлерге ұнайтындай тамаша ойын көрсетеміз деп үміттенемін.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі