Клуб жаңалықтары

Әлішер Сүлей: Бапкердің тапсырмасын орындауға тырыстық

-Бұл матчқа биылғы ойындармен салыстырғанда көрермендер ең көп жиналды деп ойлаймын. Стадиондағы атмосфера өте керемет болды. Ерекше. Бұл үшін үлкен рақмет айтамын. Мұндай қолдау бар кезде олардың үміті мен сенімін ақтау үшін барымызды саламыз. Ал ойынның басындағы соғылған гол маңызды болды. Бапкердің тапсырмасын орындауға тырыстық.

Екінші тайм арасындағы үзілісте алаңға шығатын екі-үш ойыншыға дайын болуды айтты. Тыңнан қосылған футболшылар есепті еселеуге тырыстық. Қарымта шабуылды жақсы ұйымдастырып, нәтижелі аяқтадық. Стадионға жиналған туыстарымыз мен жанкүйерлердің алдында осылай жеңіске жету үлкен қуаныш сезімін оятады. Осылай жалғастыруға тырысамыз

"Тараз" ФК баспасөз қызметі