Клуб жаңалықтары

КӨҢІЛ АЙТУ

Амангелді Нұрымбетов 1949 жылы дүниеге келген. Танымал жамбылдық бапкер Евгений Роттың шәкірті. Футболдағы мансабын 1966 жылы одақ біріншілігі екінші лигасының «Б» тобында бастаған. 1972 жылға дейін жамбылдық «Металлист» командасында ойнап, біріншіліктің үздік қорғаушыларының бірі болды. Сондай-ақ, өңірдегі бірқатар командаларда бапкер, функционер ретінде қызмет атқарды.

Клуб ұжымы туыстары мен жақындарына көңіл айтады.