Клуб жаңалықтары

Команда алаңға тек жеңіс үшін шығады

-Кездесу басында футболшымыздың алаңнан қуылғаны біздің бұл кездесуге қойылған тактикамыз бен жоспарымызды бұзды. Он ойыншымен қалсақ та тең дәрежедей өнер көрсетіп, мінез көрсеткен жігіттерге ризашылығымды білдіремін.

-Алекс Джуниор қосалқы құрамда болды. Бірақ алаңға шықпады...

-Иә, ол өткен матчта басынан соңына дейін ойнай алмады. Қосалқы құрамда болғанымен толық дайын еместігіне байланысты, өзге футболшыларды шығардық.

-Екінші таймда Жақып Қожамбердіні алмастырдыңыз. Ойынға Максим Дегтярёв қосылды...

-Бұл өз тарапымнан жасалған тактикалық қадам болды. Оның үстіне Жақыпта бір "сары" қағаз бар еді. Тағы бір адам санына кем түсіп қалмау қаупінен сақтануға тырыстық. Ал негізі ол психологиялық тұрғыда ойынға дайын болды.

-Матч басындағы "қызыл" қағаз қаншалықты әділ шешім деп ойлайсыз?

-Төрешінің жүмысын талқылағым келмейді. Бірақ ол сәттегі жағдай "қызыл" қағаз көрсететін емес деп есептеймін.

-Соңғы рет команда ел чемпионатында мамыр айында жеңіске жетті. Содан бері жеңіске жете алмауын қалай түсіндіресіз?

-Әділет Кеңесбек жарақат алған соң ол алаңнан аяғын баса алмай шықты. Жағдайы қалай?

-Әуедегі допқа таласып жерге түскенде ойыншылар аяғын басып кеткен деп айтты дәрігер. Ондай кезде күннің салқындығы да одан сайын ауыпып тұрғандай әсер етеді. Бірақ нақты қазір айту мүмкін емес. Жарақаты ауыр емес деп үміттенемін.

"Тараз" ФК баспасөз қызметі