Клуб жаңалықтары

Кездесу тартысты өтті

-Жігіттер барын салды. Бізге үш ұпай ауадай қажет болды. Жалпы кездесу тартысты өтті. Қарсылас команда шабуылға жиі шығуды көздеп, қапталдан аут пен бұрыштамаларды тиімді пайдалануға тырысты. Бір-екі рет жақсы мүмкіндіктер жасады. Алайда, гол соға алмады. Чемпионат соңындағы ойындар осылай тартысты болатыны түсінікті. Жалпы команда «Мақтааралмен» өткен матчтан кейінгі психологиялық күйзелістен шықты деуге болады. Себебі жігіттерде командалық рух көрініс берді. Шабуылда да жақсы мүмкіндіктер жасай алдық. Бірақ қарсыластың қақпашысы жақсы өнер көрсетті. Ойын тең нәтижеге лайықты болды деп ойлаймын.

«Тараз» ФК баспасөз қызметі