Клуб жаңалықтары

ФУТБОЛШЫЛАР ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАЛАЛАР ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ

Бүгін, яғни қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасы күні, футболшылар мен клуб басшылығы Өмірлік қиын жағдайдағы балалар орталығына барды. Онда ата-ана қамқорлығы мен мейіріміне шөлдеген бүлдіршіндерге арнайы және естелік сыйлықтар табысталды.

Клуб басшысы Жандос Ахметов бұл орталық әрдайым клуб назарында болып, мүмкіндігінше жәрдем жасап тұруға ниетті екендігін жеткізді. Ал команда капитаны Елдос Ахметов бүлдіршіндерге өмірден жеңілмей, тек алға ұмтылу керегін айтып, орталық тәрбиеленушілеріне "Тараз" матчтарына келіп тамашалауға шақырды.

Ал балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Естелік суретке түсіп, бүлдіршіндер мәз-мейрам болысты.

"Тараз" ФК баспасөз қызметі