Клуб жаңалықтары

Елдос Ахметов: «Мүмкіндіктерге толы матч болды»

— Барлық қазақстандық футбол жанкүйерлерін жаңа маусымның басталуымен, сонымен қатар жанкүйерлердің ақырындап стадионға жинала бастауымен құттықтаймын. Біз шынайы қуанышытымыз. Жанкүйерлер алдында ойнау әлдеқайда қызықтырақ. Екі команда да тартымды әрі гол соғатын мүмкіндіктерге толы ойын көрсетті. Десек те ауа райы мен алаңдағы жасанды төсеніш ойын сапасына әсер етпей қоймады.

— Автогол соғып алғанда өзара түсініспеушілік болып қалды ма?

— Иә, әрине, жаңадан жасақталған құрам болған соң түсініспей жататын жайттар болып тұрады. Ол осы тұста көрініс берді. Бірақ, Аллаға шүкір, кездесу қорытындысы бойынша жеңіске жеттік. Осы жеңіспен біздің барлық жанкүйерлерді құттықтаймын!

«Тараз» КФК баспасөз қызметі