Клуб жаңалықтары

Қарсылас өз мүмкіндіктерін пайдалана алды

— Қарсылас бізден әлдеқайда жақсы ойнады деп айта алмаймын. Бірақ екі мүмкіндігін сәтті пайдалана алды. Асхат Тағыберген мұндай қашықтықтан жақсы соққы жасай алатынын білдік. Сондай екі соққы, оның бірі айып соққысынан, бізді жеңіліске әкелді. Ал біз өз мүмкіндігімізден төмен ойнадық. Әрбір шепте түсіністік пен сабырлық жетіспеді.

— Джуниорды алаңға алғашқы минуттан шығаруға болар ма еді?

— Ол бір аптадай жалпы топпен жаттығу жасап жүр. Бірақ жылдамдық пен күш жетіспейтіні байқалды.

— Бүгін Гамаков қорғаныста ойнады. Әдетте орталық жартылай қорғаныста жүруші еді...