Клуб жаңалықтары

АЛҒАШҚЫ ҰПАЙ ҚОРЖЫНҒА ТҮСТІ

Ойын нәтежесінде чемпионаттағы алғашқы ұпай қоржынға түсті. Қарсыластар қақпа маңында бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырғанымен, қорғаныстары сыр бермеді. Бұл ретте Мұхамеджан Сейсеннің еңбегін атап өткен жөн.

Екінші таймда тараздық команда ойын тізгінін өз қолына алып, қарсылас қорғаныста көп жүрді. Тіпті қорғана жүріп, айып алаңында ойын ережесін бұзып, 11 метрлік айып добы белгілене жаздады. Бас төреші сол сәтті 15 минут бойы қарап, нәтижесінде ереже шеңберінде деп шешім шығарды.

Матчтың 85 минутында Сұлтан Әбілғазы ("Тұран") ережені өрескел бұзып, алаңнан "қуылды". Одан соң қорғаныста ойнап, нәтижесінде қақпады голдан аман сақтады. Дегенмен, қоржында бір ұпай бар.

Айта кетейік, "Тараз" келесі кездесуін 10 наурыз күні өз алаңында өткізеді. Аталған ойында шымкенттік "Ордабасы" командасын қабылдайды. Кездесу 15:00-де басталады.

"Тараз" ФК баспасөз қызметі