"ТАРАЗДА" БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН" ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

  • Категория: Новости ФЦ "Тараз"
  • Просмотров: 474

"ТАРАЗДА" БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН" ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Күні кеше басталған футболдан 2007- жылы туылған жастар арасындағы Бауыржан Исламхан жүлдесі жолындағы жарыс мәресіне жетті. Бүгін сол бәсекеде топ жарған командаларды марапаттау рәсімі өтіп, турнир ресми түрде жабық деп жарияланды. Сонымен бірінші орынды Алматыдан келген "Қайрат" 1 командасы, Екінші орынды "Тараз"1 командасы, ал үшінші орынды "Қайрат 2008" командасы жөңіп алды. Төртінші орынға Талдықорғаннан келген "Жетісу" командасы тұрақтады. Турнирдің марапаттау рәсімінде сөз алған спорт саласының белгілі тұлғалары Қанат Шертаев, Жұмахан Нұғыманов пен Бақыт Сарыбаевтар балаларға сәттілік тіледі. Орын алған барлық команда мүшелеріне арнайы кубоктар, медальдар, доптар мен түрлі бағалы заттар табысталды. Турнирдің үздік ойыншыларына Бауыржан Исламхан деген жазуы бар футболкалар берілді.