«ТАРАЗ» ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ БАХЫТ АСҚАРҰЛЫ САРЫБАЕВПЕН «ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ» ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ СҰХБАТ

  • Категория: Новости ФЦ "Тараз"
  • Просмотров: 714

  «ТАРАЗ» ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ БАХЫТ АСҚАРҰЛЫ САРЫБАЕВПЕН «ФУТБОЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ» ЖӨНІНДЕ АРНАЙЫ СҰХБАТ

Құрметті Бахыт Асқарұлы, «Тараз» футбол орталығының негізгі жұмысы жөнінде не айтасыз?

Жалпы, біздің футбол орталығының негізі 2009 жылы қаланғанымен, 2012 жылдан бастап толық қанды жұмыс істей бастадық. Қазіргі таңда құдайға шүкір, бізде түрлі жастағы 450- бала тәрбиеленеді. Олар мұнда 6-7 жастан бастап қабылданады. Құрамымызда 15- жаттықтырушымыз бар. Отыратын жеріміз «Жастар» стадионының базасында. Біздегі ең үлкен топ 1998 жылы туылған басалар болса, ең кішілері 2004- жылғы жасөспірімдер.

Құрамдарыңызда қанша команда бар және қандай жетістіктеріңізді айта аласыз?

Бізде 7- жас ерекшелігі бойынша, 7- команда жасақталған. Олар жастар мен жасөспірімдер арасындағы түрлі жарыстарда жүлдемен оралып жүргендігін мақтанышпен айта аламын. Биылғы жылғы чемпионат әлі аяқталмағанымен, біздің командалар қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп, бәсекенің ақтық сындарына дейін жолдама алды. Біздің орталықтың негізгі мақсаты «Тараз» командасының қосалқы құрамына резерв дайындау. Сондай-ақ қазіргі уақытта «Тараз» командасы сапындағы Абзал Таубай, Әлішер Сүлей сынды футболшылар біздің түлектеріміз. Ал, дубльде ойнап жүрген қазіргі ойыншылардың барлығы біздің орталықтың балалары. Өткен жылы білесіздер Тараздың дубльерлары бірінші орын алды. Биыл да олардан үміт зор.

Жыл сайын қандай да бір турнирлер, іс-шаралар өткізіп отырасыздар ма?

Әрине, ол дәстүрлі түрде өтеді. Жыл сайын түрлі республикалық турнирлерге қатысамыз және өзіміз де ұйымдастырып отырамыз. Мәселен: биылғы жылы «Қазфосфат» кубогы үшін, Жапар Сауырғалиевке арналған турнирді сәтті өткіздік. Қазір өздеріңіз білесіздер Бауыржан Исламханның жүлдесі жолындағы жарыстар жүріп жатыр. Бұның барлығы да Жамбыл футболының дамуы үшін, болашақ балалардан бастау үшін өткізіліп отырған шаралар.

Сіздердің қандай да бір іс –шаралар, жарыстар өткізу үшін демеушілеріңіз барма? Әлде барлық ойындар мемлекет есебінен қаржыландырылады ма?

Сұрағыңыз орынды. Бұны айтпай кетпеске болмас. Мәселен: жаңағы «Казфосфат» кубогы жолындағы жарысты өткізуге компания директоры Мұқаш Ескендіровтың демеушілік жасағандығын айта кету керек. Сондай-ақ «Шолақтау» кен орнының басшысы Мұратқали Сәрсеновке де алғысымыз шексіз. Ал, ТИГУ-ректоры Ерболат Саурықов пен «Дантист» ЖШС-нің басшысы Шухрат Юнусовтың арқасында біздің 20-бала биыл Ақмола облысындағы Зеренді жеріне барып демалып келді. Балалар үшін барын беріп отырған бұл азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ.

Бүгінгі таңда футбол орталықтарында қандай да бір проблемалы мәселелер барма?

Енді мен үлкен проблема деп айтпас едім. Бірақ, болашақта шешуге тиісті мәселелер жоқ емес деп ойлаймын. Өйткені, кейде футбол алаңдарының жоқтығынан қиналамыз, жаттығу залдары да көп керек. Ең бастысы аудандарда филиалдарымыз ашылса нұр үстіне нұр болар еді. Себебі нағыз талантты балалар ауылдардан шығып жатыр. Мұнда отырып алып, біз оны көрмеуіміз мүмкін. Егер осындай өзекті мәселелер дұрыс шешілсе Жамбыл жері әлі талай жастарды дүниеге әкеледі деп сенемін. Әңгімеңізге рахмет.