ФУТБОЛДАН 2008 ЖЫЛЫ ТУҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТІП ЖАТЫР

  • Категория: Новости ФЦ "Тараз"
  • Просмотров: 305

Фото Тараза Жамбыла.

Фото Тараза Жамбыла.Фото Тараза Жамбыла.

Футболдан 2008 жылы туған жасөспірімдер арасында Тараз қаласының ашық біріншілігі басталды. Оның негізгі мақсаты, Жамбыл жерінде балалар футболын дамыту болып табылады. Тараз қаласындағы «Ақбұлақ» шағын ауданындағы футбол алаңқайларының бірінде ұйымдастырылған жарыстың ашылу салтанатына өңірімізге белгілі спорт саласының мамандары Жұмахан Нұғыманов пен Елтай Әдірахманов та қатысты. Қазіргі таңда Жамбыл облыстық футбол федерациясы тарапынан осы азаматтар балалар футболын дамытуға ерекше ат салысып жүргендігін айта кету керек. Салтанатты ашылу рәсіміне Тараз қалалық спорт бөлімінің басшысы Оксана Борисюк пен өзге де қонақтар қатысты. Бұл жарыс екі айналым жүйесінде алдағы күз маусымына дейін созылады. Оған «Монтажник», «Ақбастау», «Ұлан», «Тараз» секілді жасөспірімдер командасының жас футболшылары қатыуда. Біз қазақ футболын биікке көтеру үшін ең біріншік кезекте балалар футболын дамытуымыз керек деді облыстық футбол федерациясының өкілдері. Оған қажетті инфроқұрылым мәселесі қазір шешіліп жатыр.