ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА СЕЙІЛДА БАЙШАҚОВ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

  • Категория: Новости ФЦ "Тараз"
  • Просмотров: 521

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА СЕЙІЛДА БАЙШАҚОВ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Қазақстан футбол федерациясының вице- президенті, ҚР еңбек сіңірген спорт жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, атақты жерлесіміз Сейілда Байшақовтың жүлдесі жолындағы жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы турнирге еліміздің әр өңірінен келген 11- команда қатысты. Олар 2005-2006 жылы туылған жастар. Бір аптаға созылған жарыстың негізгі мақсаты жастарға футбол саласының белгілі тұлғаларын паш ету, Жамбыл жерінде жасөспірімдер арасындағы футбол спортын дамыту болып табылады. Турнирдің қорытындысы бойынша 2005- жылы туылған балалар арасында 1- орынды Қызылорда қаласының футбол мектебі алса, 2006- жылы туылған балалар арасында 1- орынды "Тараз -1" командасы жеңіп алды. Жарыстың марапаттау рәсімінде сөз алған Сейілда Икрамұлы жас жеткіншектерге сәттілік тілеп, олардың да үлкен футболшы болатындықтарына сенім білдірді. Және өз қолымен марапаттады.