"ТАРАЗ" - "ЕРТІС" 1:1

Футболдан Қазақстан премьер - лигасының 25 турында Павлодар қаласынан келген "Ертіс" командасын қабылдаған "Тараздықтар" 1:1 есебімен тең түсті. Бірінші таймда Тараздықтар тым белсенділік танытып, матчтың басында Бактияр Зайнутдинов есеп ашты. Бұл Тараздық жас ойыншының биылғы маусымдағы төртінші голы болатын. Екінші таймда да Тараздықтарда гол ұратын көптеген сəттер болды. Мане мен Байжанов тіпті жеке шығып мүлт кетті. Есесіне, екінші тайм бастала салып, "Ертіс" есепті теңестіріп кетті. Сонымен, қорытынды есеп 1:1. Екі команда осы ойында бір- бір ұпайды еншіледі.