«ТАРАЗ» - «АҚТӨБЕ» КОМАНДАЛАРЫНЫҢ ОЙЫНЫНАН КЕЙІН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«ТАРАЗ» - «АҚТӨБЕ» КОМАНДАЛАРЫНЫҢ ОЙЫНЫНАН КЕЙІН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Тең нәтижемен аяқталған «Тараз» және «Ақтөбе» футбол командалары арасындағы ойыннан кейін қос команданың бас бапкерлері журналистер алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Оған Жамбыл облыстық телеарнасы мен бірқатар басылымдардың тілшілері қатысты. Алғаш болып сөз алған «Ақтөбе» командасының бас бапкері Юрий Уткульбаев Тараздықтар ойынын басбармақпен бағалап, бізге бүгін оңай қарсылас түскен жоқ деді. Біздің команда әсіресе қорғаныста көп қателік жіберді, келесі ойында осы сәттерді ескеруіміз керек. Бірақ ойыншыларымыз айып добын алуға бізге мүмкіндік жасады. Осы сәтті тиімді пайдаланып кеттік. Соның арқасында бір ұпай иеленіп отырмыз, енді келесі ойынға дайындықты бастауымыз керек деп сөзін қорытындылады Ақтөбелік бас бапкер. Екінші болып сөз алған «Тараз» футбол клубының бас бапкері Нұрмат Мырзабаев Тараздықтар үшін бұл ойынның оңай болмағанын жеткізді. Әсіресе Олег Недошковскийдің алаңнан кетуі командаға айтарлықтай ауыртпалық түсірді. Бірақ, бұл ойын. Біз қандай жағдайлар болса да дайын болуымыз керек деді «Тараз» футбол командасының бас бапкері.