«ТАРАЗ» - «АҚТӨБЕ» 1:1

«ТАРАЗ» - «АҚТӨБЕ» 1:1

 

Премьер-лига ойындарының екінші турында өз алаңында Қазақстанның 4-дүркін чемпиондары «Ақтөбе» футбол командасын қабылдаған Жамбылдық жерлестеріміз 1 : 1 – есебімен тең түсті. Тараз қаласындағы орталық стадионда өткен ойынға 6500- футбол жанкүйері қатысып, сүйікті командаларына қолдау білдірді. Ойынның бірінші таймы тартысты сәттермен басталды. Тараздықтар сапында Игорь Зенькович пен Бауыржан Байтана қонақтар қақпасына тура соққылар жасағанымен оның бірі қиыс кетіп, енді бірі «Ақтөбелік» тас қамал қорғаушылардан өтпей жатты. Қонақтар да қарап қалмады. Жиі шабуылдар ұйымдастырып, Тараз командасының айып алаңына бірнеше рет кірді. Алайда, осы сәтте «Тараз» футбол командасының ойыншысы Дмитрий Евстигнеевтің Ақтөбелік шабуылшымен допқа таласы тәртіп бұзумен аяқталып, ойынның бас қазысы Тараздықтар қақпасына айып добын белгіледі. Бұл ойынның 11-ші минуты болатын. Мүмкіндікті мүлт жібермеген «Ақтөбе» футбол командасының капитаны Самат Смақов осылай есеп ашты. Алайда, бірінші тайм аяқталуға санаулы секундтар қалған кезде, яғни 45-ші минутта «Тараз» командасының шабуылшысы Игорь Зенькович қонақтар қақпасына өзінің тамаша голын соқты. Бауыржан Байтананың әуелетіп көтерген керемет пасын баспен ұрған Зеньковичтің бұл голына көпшілік қол соқты. Екінші таймда да қызықты сәттер көп болды. Әсіресе қорғанысқа жамбастап жатып алған «Ақтөбеліктердің»  қорғаушыларын алдап өту біздің командаға оңай соққан жоқ. Бірақ реті келгенде «Тараз» командасының жартылайқорғаушысы Мақсат Әмірханов өзінің тамаша соққыларымен көзге түсті. Матчтың 69-минутында ойын барысында сәл салқынқандылық танытқаны үшін «Тараз» командасының ойыншысы Олег Недашковскийға бас қазы Александр Гаузер қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Алайда,10-ойыншымен қалған жерлестеріміз қарсыластардың үдей түскен шабуылына төтеп бере алды. Ойынның негізгі уақытына төреші 3-минут уақыт қосқанымен есеп ашылмады. Ойын 1-1 есебімен тең нәтижемен аяқталды. Енді «Тараздықтар» келесі ойынды «Оқжетпес» командасына қарсы өткізеді. Ол алдағы сәуір айының 3-күні, Тараз қаласындағы орталық стадионда өтеді.