ОСЫ ЖЕКСЕНБІ "ТАРАЗ" ФК ЖӘНЕ "ОҚЖЕТПЕС" ФК ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ ТУР ОЙЫНДАРЫНДА КЕЗДЕСЕДІ

ОСЫ ЖЕКСЕНБІ "ТАРАЗ" ФК ЖӘНЕ "ОҚЖЕТПЕС" ФК ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҮШІНШІ ТУР ОЙЫНДАРЫНДА КЕЗДЕСЕДІ

Қазіргі таңда қос команда арасындағы ойынды тағатсыздана күтіп отырған футбол жанкүйерлері көп.2014- жылы премьер-лига ойындарына қайта оралып, былтырғы ел біріншілігінде жақсы өнер көрсеткен "Оқжетпес" командасын аты аңызға айналған бапкер Владимир Мұқанов бастап келеді.Оның үстіне Көкшетаулық команда сапында биыл айтарлықтай өзгерістер бар. Командада өнер көрсететін ойыншылар ішінде Көкшетаулықтардың әсіресе Әлібек Бөлешов пен Серж Бандо-Ганбеге сенім артатындығы түсінікті. Бұл екеуі де Оқжетпестің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі оқу-жаттығу ойындарында өздерін жақсы қырынан таныта білген еді. Ал, Тараздықтар сапында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Тек алаңға жарақат алған Абзал Таубай мен өткен ойында қызыл қағаз алған Олег Недошковскийдің шықпайтындығы белгілі. Алайда, бұл ойында Тараздықтар сапында Сенегалдық сұрмерген Малик Мане алғаш рет өнер көрсетеді деп күтілуде. Ендеше, көптен күткен үшінші тур ойындарында жерлестерімізге жеңіс тілейік ағайын.