ОСЫ АПТАДА "ОРДАБАСЫ" ЖӘНЕ "ТАРАЗ" КОМАНДАЛАРЫ КЕЗДЕСЕДІ

 Картинки по запросу ордабасы тараз

Осы жексенбі футболдан Қазақстан премьер -лигасының 26 тур ойындары аясында Жамбылдық "Тараз" командасы Оңтүстік Қазақстандық "Ордабасы" командасымен кездеседі. Бұл матч Шымкент қаласындағы "Биік" қосалқы стадионында өтеді. Ойынның басталу уақыты кешкі сағат 19:00. Бұл командалар арасындағы ойын қашан да тартысты өтетіндігі баршаңызға белгілі. Биылғы ел чемпионатында қос команданың екі рет жолы түйісті. Бірінші ойын үстіміздегі жылдың 8 сәуірі күні Тараз қаласында өтіп, онда жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал, екінші кездесу 3 маусым күні Шымкент қаласында өтті. Ол ойында "Ордабасы" командасы "Таразды" 3:0 есебімен жеңіп кетті. Ендігі матч екі команда арасындағы үшінші кездесу болмақ. Шымкенттік "Ордабасы" командасы қазір премьер - лиганың турнир кестесінде 3 орында келеді. Жалпы, ұпай сандары 45 ұпай. Ал, Тараздықтар 29 ұпаймен 7 орынға тұрақтаған болатын.