"ОРДАБАСЫ" - "ТАРАЗ" 1:0

"Тараз" сырт алаңда "Ордабасы" командасымен кездесу өткізіп, алаң қожайындарына 1:0 есебімен жол берді. Матчтың екі таймы да қос команданың алма кезек шабуылымен өрбіді. Алайда, сол бірінші таймның соңында Ковальчук соққан жалғыз гол ойынның тағдырын шешіп кетті. Тараздықтарға бұл жолы сəттілік жетіспеді. Өйткені, гол ұратын мүмкіндіктер Манеде көп болды. Бірақ, жерлестеріміз оны тиімді пайдалана алмады. Осылай "Ордабасы" өз алаңында жеңіске жетіп, маңызды деген үш ұпайды еншілесе, Тараздықтар үшін бұл көңіл көншітпейтін көрсеткіш. "Тараз" командасы енді келесі кездесуді өз алаңында азулы Алматылық "Қайратқа" қарсы өткізеді.