БАС БАПКЕР ВАИТ ТАЛГАЕВ НЕ АЙТТЫ?

"Ордабасы" мен Тараздың арасындағы ойын қашан да тартысты өтетіндігі белгілі. Бүгін де соның куəсі болдық. Қиын əрі қызықты матч десек те болатындай. Алаң қожайындары біз жіберген қателікті тиімді пайдаланып, бізге гол соғып кетті. Оны қайтаратын мүмкіндік те көп болды. Бірақ, өкінішке орай қайтара алмадық. Мен матчтың төрелігі туралы ештеңке айта алмаймын, бірақ оны тиісті комитет тексереді деп ойлаймын. Себебі соңғы жағында түсініспеушілік болған сияқты. Бірақ, мен ол жөнінде айта алмаймын. Дегенмен, Шымкенттік команда тек орындаушылық шеберлік жағынан ғана бізден жоғары болды.