БАЛАЛАР ФУТБОЛЫН ДАМЫТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Төле би атындағы 8 орта мектеп базасында өңірімізде балалар футболын дамыту жөніндегі семинар кеңес өтті. Оған 30 –дан астам қала мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімдері мен спорт саласының өкілдері қатысты. Биылғы жылдан бастап білім саласына енгізілген жаңа өзгерістердің бірі 1 –ші сынып пен 4 –ші сынып аралығындағы мектеп оқушыларының денешынықтыру пәніне футбол сабағын үшінші пән ретінде енгізу. Мәселен: футбол сабағы бұрын жыл бойына жоспарға сай өткізілетін болса, биылдан бастап ол апта сайын міндетті түрде өткізіледі. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларына бірден футбол ойнатпай, оларды алдымен футбол ойынының техникасымен таныстырады. Тіпті, Қазақ футболы жөнінде, атақты футболшылар туралы да түсіндірілетін болады. Бұл бірінші кезекте балаларды жастайынан футболға баулу үшін керек дейді сала мамандары. Осыған орай ҚР білім және ғылым министрлігі, Ұлттық ғылыми практикалық орталығының жетекшісі Асылхан Әбішов пен Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Евгений Булгаков қазір өңір өңірлерді аралап мұғалімдермен жиындар өткізіп жатыр. Футбол спортын оқушының жастайынан біліп өсуі баланың оған деген қызығушылығын арттырады. Сабақ кезінде енді денешынықтыру пәнінің мұғалімдері оқушыларға допты қалай лақтыру, қалай тебу керектігі мен футболда қандай терминдер бар екендігін де үйрететін болады. Кездесуден кейін жиналғандарға спорт саласының өкілдері арнайы жасыл алаңда шеберлік сыныбын өткізді.